"КРУ"-дың көңілінен қалай шығамыз?

"КРУ"-дың көңілінен қалай шығамыз?

«КРУ» – кеңестік дәуірден қалған аббревиатура. «КРУ» – десе талайлардың зәре-құты қалмайтын. «Олардан қорықпайтын мекеме жоқ еді» десе де болады. Нақтырағын айтқанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып отырған секторлар. Бұлар үшін КРУ-дің «ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс». Кейде айтып, кейде айтпай келетін «КРУ»-ді кім болмасын мейлі, аяқтарынан тік тұрып күтеді. Ат мінгізіп, шапан жауып шығарып салады. Өйтпейші, шалыс кеттің бе, «КРУ» сенің өміріңді тозаққа айналдыруы әбден мүмкін.
Бірде алматылық бір жүргізуші тұлпарын сынаққа әбден дайындап, өзіне сенімді болған соң техникалық байқау орталығына келмей ме. Сөйтсе ондағылар «6 мың теңге берсеңіз, без проблем өткіземіз» деген ғой. Ағамыз өзіне сенімді.
-Неге беремін?! Көлігімнің еш ақауы жоқ! – депті нық дауыспен. МАИ (ол кезде техникалық байқауды өткізу МАИ құзырында болған, авт.) қызметкері:
-Аптечкаңызды ашыңыз, - деген кезде жүргізуші ойында ештеңе жоқ, қобдишасын аша қояды. Сөйтсе, онда валериан тұнбасы жоқ болып шыққан. Сонымен не керек, әлгі алты мың теңгені беруге тура келеді. Мұнысы «бұлар бәрібір бір кілтипан таппай қоймайды-ау осы... Одан да ерегістірмей-ақ қояйын» дегені ғой. Сол сияқты, КРУ-да шұқыланып жүріп әйтеуір бір пәле тауып алатындарын жақсы біледі бәрі.
Қазір «КРУ» жоқ, яғни бұл құрылымның аты өзгерген, басқалай аталады. Алайда олар тексеретін нысандар тілінде олар КРУ болып қалып қойған.
Бұрынғы «КРУ» (контрольно-ревизионное управление) бақылау-ревизия басқармасы қазіргі Қаржылық бақылау комитеті. Айта кетейік, олардың еліміздің барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Сонда 14 облыстық және екі қалалық, яғни Алматы, Астана қалалық қаржылық бақылау инспекциялары жұмыс істейді.
Олардың бақылауындағы нысандар әр-алуан. Балабақшадан бастап, министрліктерге дейін. Аты айтып тұрғандай, олардың міндеті – ішкі қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік және бақылау функцияларын жүзеге асыру. Комитетке жоспарлы да, жоспардан тыс та тексеруге рұқсат берілген.
Біздің тілге тиек еткелі отырғанымыз осы комиеттің әлеуметтік, яғни мектеп пен балабақшаларды «жұмса –жұдырығында, ашса – алақандарында» ұстап отырғандары. Әрине, заң талабын орындау керек. Аталған мекемелердің де қаржылық жағдайын тексеріп тұрмаса болмайды. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген бар.
Алайда, сөз болып отырған комитеттің кейбір қызметкерлерінің асыра сілтеп жіберетіндері ешкімге жасырын емес. Бірақ оны ешкім ашық айтып жатпайды. «Аш бәледен, қаш бәле» деген қағидамен күнелтеді.
-«КРУ» бәле болды. Құжаттарды қанша жерден дұрыстап қойсаң да, әйтеуір бір қате тауып алады. Ал олар «түймедейді, түйедей» етеді. Іздегендері сол. Өткенде бір жас бала келіпті. Шыны керек, бір апта жүрді. Бірақ еш ақау таба алмады. Мәселе бізде емес, мәселе ол баланың «шала» екендігінде. Әуелде «мен тексермей-ақ қояйын. Маған 5 мың доллар бере салыңдаршы. Жәйіммен кетер едім сонда» деген кезде біз келіспей қойдық. Ақырында түк таба алмай әуре-сарсаңға түскен соң «2 мың доллар беріңдерші. Мен бір тиынында алмаймын. Бастықтарға беруім керек. Солар дәметіп отырған» деген соң, амал жоқ, мұғалімдерден 5 мың теңгеден жинап бердік. Өйткені, бұлардың «қадалған жерден қан алмай қоймайтындарын» жақсы білеміз. «Сау басымызға сақина тілеп» қайтеміз, - дейді Алматы қаласы маңындағы бір мектептің директорының орынбасары.
Мынандай әңгіменің куәсі болағандар да бар:
-Өткендегі садикке барып келші. Тамақ, салат бәрін дайындап қойған. «Көктал» (арасына көкөністер салынып, шоққа пісірілген балық, авт.) да пісіріп қой дегем.
Мұны айтып тұрған туған күн иесі қаржы бақылау инспекциясының қызметкері. Сөйтсек, ол өзінің бақылауындағы бір балабақша меңгерушісіне «тапсырыс» беріп қойған екен. Үйінде дос-жаран, туған-туыс оның туған күнін тойлап жатты. Балабақша азпазшылары жұмысқа таң ата келіп, балаларға тиесілі азық-түліктен пісірілген «тағамдар дәмді болыпты» дейді куәгер.
Сенімді ақпарат көздеріне қарағанда, олардың ставкалары 3-5 мың доллар АҚШ доллары көлемінде. Қазақстанда 8000-ға жуық мектеп, 6000-дай балабақша бар екен. Есептесек... Жә, біреудің қалтасын санамай-ақ қоялық. Айта берсе, қаржы бақылау инспекциясының төңірегіндегі әңгіме жетерлік. «Ұсталмаған – «ұры» емес» дейміз, бірақ «жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» деген тағы бар. Қауесет пе, шындық па, кім біледі?.. Егер рас болса, «балаларды тонағанды қойса екен» деген ниетімізді білдіргенді жөн санадық. Қаржы бақылау инспекциясы қызмектерлерінің олжасы айналып келгенде, ата-аналардың қалтасынан шығып жатқан ақша екендігін ұмытпайық, яғни қарапайым халықтың сорына айналған мектептің «ерікті қорының» біразы солай қарай ағылып жатуы ғажап емес.
Маман пікірі
Әбдіқаһар Сейтжанов, заңгер:
-Бюджеттен бөлінген қаржының талан-таражға түспей, дұрыс игерілуін қадағаламаса болмайды. Өздеріңіз көріп отырсыздар, мемлекет игілігін мақсатсыз жұмсап, ақша жеп жатқан шенеуніктер қаншама! Жемқорлық қылмыстар көрсеткіші жағынан біздің ел алдыңға қатарларда жүреді. Бұл масқара! Міне, осы тұрғыда айтқанда қаржы бақылау комитеті ауыр жүк арқалап отыр. Алайда арларында заңға қайшы әрекеттерге тосқауыл қоямын деп барып, өздерінің пара алып жатқандары жоқ емес. Сол себепті, алдымен солардың арасын тазарту керек. Дей тұрғанмен, егер сол мектеп, балабақшалар «судан таза, сүттен ақ» болса, несіне пара береді? Пара бергің келмей ме, өзің жемқорлыққа барма! Қысқасы, сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күреспесек болмайды. Күні кеше парламентте «Нұр Отан» Фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен жиында «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының» жобасы талқыланды. Бағдарламада бюджеттік және квазимемлекеттік секторларда әр теңгенің жұмсалуының айқын болуын қамтамасыз ету қарастырылған. Қысқасын айтқанда, елде қабылданып жатқан осы сында бағдарламалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуетін арттыра түседі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста