Кітап толы сөмкенің салмағы оқушы салмағымен теңесті

Кітап толы сөмкенің салмағы оқушы салмағымен теңесті

Бүгінгі күні оқулықтардың жетіспеушілігіне қоса, олардың ала-құла, әр баспаның оқулығымен оқытылуы да басты мәселеге айналып отыр. Статистикаға үңілсек, биылғы жылы мектеп оқулықтарын түгендеуге ел қазынасынан 9 миллиардқа жуық теңге бөлініпті. Ал елімізде мектеп табалдырығын шамамен 2,5 миллионнан астам бала аттағанын, оқулыққа облыстық бюджеттен де қосымша қаржы бөлінетінін ескерсек, оқулыққа деп бөлінген қаржы оқушыларды оқулық түгілі оқу формасымен де қамтамасыз етуге жететінін аңғарасың.
Оқушыларды оқулыққа жарытпай отырсақ та, жыл сайын баспадан жаңадан оқулық басып шығаруда алдымызға жан салмай тұрмыз. Жасыратыны жоқ, осыдан 10-15 жыл бұрын бір басылған кітап, бірнеше жыл оқытылатын. Ал қазір былтыр басылған кітап, биыл жарамсыз немесе бір баспадан шыққан кітапты, келесі бір мектеп «мойындамайды». Тіпті бірінші бір баспадан шыққан оқулықпен оқыса, екінші тоқсанда тіпті басқа баспадан шыққан кітаппен оқитын мектептер де кездесуде. «Бір кітапта жоқты екінші баспадан шыққан оқулықтан тауып оқимыз» деп екі баспаның кітабын оқушыларына қатар арқалатып жүрген мектептер де баршылық. Осы орайда айта кетер жайт, бүгінгі күні балалардың арқасындағы сөмкесінің салмағы, өз салмағымен бірдей болуға айналды. Ұстаздар бір кітапта жоқты екінші баспаның кітабымен түгелдеп жүргенде, қос баспаның кітабын арқалаған оқушылардың денсаулығына бас ауыртқан ешкім болмай тұр. Әр пәннің қосымша дәптері, арнайы оқу құралдары, мектепке барған соң ауыстыратын аяқ киімдеріне қоса, дене шынықтыру сабағына арнайы формасы оқушылардың иығына кәдімгідей жүк түсіріп тұр.
Ата-аналардың кітап дүкендері мен базарларды сарылып іздеп, тапқан оқулығы жарамсыз болып келесі баспанікін іздеп шарқ ұрып жүргені өз алдына бөлек әңгіме. Шын мәнінде осынша әбігердің керегі не? Бір елде оқу стандарты неге әртүрлі? Қазақ тілі мен Қазақстан тарихын әр баспа әртүрлі жазса да, бүкіл елге ортақ математика, физика, геометрия теорияларын әр баспа өзінше түрлендіріп жаза ала ма?! Оқулық неге ортақ емес?
ҚР білім беру ісінің үздігі, Еңбек Ері Аягүл Миразова бір сөзінде «Математика қай елде болса да, сол математика, оған ешкім жаңалық енгізе қойған жоқ. Бірақ біз математиканы өзгеріс еніп жатыр деп жылда басамыз» деп еді. Расында да, біреулердің бизнесі үшін, барша ұрпаққа обал жасап отырған жоқпыз ба?!
Құныпия АЛПЫСБАЕВ, филология ғылымдарының докторы, профессор, оқулық авторы:
– Негізі оқу стандарты біреу болуы керек. Әр баспадан шыққан, әртүрлі оқулық оқушыларды шатастырады. Мәселен ҰБТ кезінде тест сұрақтарының қай баспаның кітабынан дайындалғанын білмейсің. Осыдан кейін тест жауаптарына риза болмай аппеляциялық шағым беруші оқушылардың саны артады. Білімге қатысты қайшылық көбейе түседі. Жалпы егемендік алғанымызға 20 жылдан асты. Ал білім беру саласы әлі бірізденген жоқ. Жиырма жыл бойына оқушыларымызға сынақ жасап келе жатқанымыз ұят. Оқулық деген ортақ болуы керек. Баспалар оқулықтарды мемлекеттік тапсырыспен басып шығарады. Ендеше Ғылым және білім министрлігі оқулықты біреулердің жеке бас пайдасы үшін басуына жол бермеуі керек. Бұл мәселеде ортақ жүйе болуы керек.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста