Мәселе

Құлдықта ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі

  • © infovoronezh.ru

    © infovoronezh.ru

Алматылық тұрғын біреулердің оны құлдыққа салып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта бұл іспен адвокат Айман Омарова айналысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Адвокаттың айтуынша, Сейфуллин даңғылында орналасқан притонда Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан және Қазақстан азаматшалары мәжбүрлі қызмет көрсеткен.


"Маған ұзақ уақыт бойы құлдықта болған қыздар көмек сұрап хабарласты. Бұл тек бір қызға қатысты емес, құлдықта Қарақалпақстан, Өзбекстан мен Қазақстан азаматшалары да болған. Мен сол қызбен сөйлестім. Ол маған анасымен бірге интернатта тұрғанын, әкесінің өлімінен кейін осы мекемеден көщіп, жұмыс іздей бастағанын айтты. Содан бір такси жүргізушісі одан үй жинаутын адам керектігін айтып, жұмыс ұсынған. Алайда соңында оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Түнгі уақытта притонда жұмыс істеуіне тура келген. Қыздың айтуынша, притон Сейфуллин даңғылы мен Варшавский көшесінің қиылысында орналасқан", - дейді Айман Омарова.


"Біз ҚР Бас прокуратурасынан комиссия құрып, осы мәселеге назар аударуын сұраймыз. Осы адамдарды тауып, оған кімнің басшылық етіп отырғанын тауып беруін сұраймыз. Бұл өздерін қорғай алмайтын әйелдерге қатысты болып тұр", - деді адвокат.


Алматы қалалық ІІД мәліметінше, қыздың арызы ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы бойынша ("Жезөкшелiкпен айналысуға тарту") сотқа дейінгі бірыңай тергеу реестріне тіркелді. Күдіктілер анықталды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.


Сондай-ақ, полиция өкілдері бұл қыздың 2009 жылдан бері Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының криминалдық есебінде тұрғанын айтып өтті. Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қыз осыған дейін бірнеше рет полицияға жеткізілген.

 




Көрілген: 661    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.05.2018, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30