Күндіз көлік шамын жағып жүрудің пайдасынан зияны көп

Күндіз көлік шамын жағып жүрудің пайдасынан зияны көп

Жыл басында жол жүру ережесіне қатысты заң қабылданғанмен оған қатысты дау әлі де жалғасып келеді. Өйткені, заңға енгізілген базбір өзгерістер халықтың көңілінен шықпады. Мамандар да кейбір өзгерістердің негізсіз екенін айтады және оның келтірер пайдасынан зияны көп деседі.

Дауға себеп болған өзгерістің бір күндізгі уақытта қала ішінде авткөлік шамын жағып жүруге қатысты болып отыр. Әкімшілік полиция өкілдерінің пайымдауынша, күндізгі уақытта автокөлік шамын жағып жүру жол-көлік оқиғасын азайтадымыс. Себебі жүргізушілер шамы жанбай келе жатқан өзге автокөлікті байқамай қалуы себепті жол-көлік оқиғасы орын алып жататын көрінеді.

Әкімшілік полиция комитеті мамандарының айтуынша, бұл өркениетті елдердің тәжірибесінен алыныпты. Алайда олар нақты қай мемлекеттерде осындай тәжірибе қолданыста бар екенін айтпады. Қай мемлекет, қай уақыттан бастап осындай тәжірибе енгізгені жайлы да мағлұмат бермеді. Тек айтқандары, бұл жол-көлік оқиғаларын 20 пайызға азайтады-мыс. Ал оны қалай есептеп шыққаны тек өздеріне ғана аян. Өйткені, оның есептеу формаласы да ешқайда жария етілмеді.

Қаладан шыққан соң, күре жолдарда күндізгі уақытта шам жағып жүру керек дегенді түсінуге болады. Алайда, қала ішінде іркес-тіркес келе жатқан көлік жүргізушілері шамды жақпаса бірін-бірі байқамай қалады дегенді ақылға сыйдыру қиын-ақ. Оған қоса, мамандардың айтуынша, шамын жағып жүргенде көлік қосымша жанармай жағады. Алматы қаласы Кәсіпкерлер ассоциациясының президенті Виктор Ямбаевтің есебінше, сырттан келдетін көліктерді қосқанда Алматы қаласында күніне 800 мың көлік қозғалыста болады екен. Оның 550 мыңы қалада тіркелсе, 250 мыңы сырттан келетін көліктер. Ал олар күндізгі уақытта шамдарын жағып жүруі нәтижесінде 40 880 тонна артық жанармай жағады екен. Ал мұнша жанармайдың жағылуы салдарынан ауаға 1145 тонна зиянды қалдықтар тарайды. Ал бұл, аса ірі жылу электр орталығы бөліп шығаратын зиянды қалдықпен пара-пар.

Маманның пайымдауынша, қажетті, қажетсіз нәрселерді ойлап тауып, елдің қалтасын қаға беруге болмайды. Қазіргі таңда, онсыз да айлық жалақымен салыстырғанда айыппұл мөлшері жоғары. Онымен қоса, айыппұл көлемі (АЕК) айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты артып отырады. Алайда, жалақы дәл солай өсіп отырған жоқ. Маманның айтуынша бұл норма тек жол потрульдік полициясы қызметкерлері үшін ғана тиімді. Себебі күндіз шам жағып жүруді әдетке айналдырмаған көптеген жүргізушілер күндіз көлік шамын жағуды ұмытып кетеді. Ал сол үшін оған айыппұл салынады. Күндізгі уақытта шам жақпай келе жатқан жүргізуші осы әрекетімен өзге жол қозғалысы қатысушыларына кедергі жай ма?!

Мамандардың айтуынша, бұл тәжірибенің пайдасынан зияны көп. Өйткені онсыз да экологиясы мәз болмай тұрған ірі қалаларда енді ауа одан сайын ластана түседі. Ал, күндіз шамын жақпай жүрген көлік біреуді басып кетеді немес басқа көлікпен қағысады деген ақиқаттан гөрі аңызға жақын. «Біз осы бір норма арқылы қала тұрғындарының жағдайын қиындатып отырғанымызды әлі де түсінбей отырмыз. Өйткені, бір жағынан қаланың ауасын ластап тұрғындардың денсаулығына зиян келтірсек, екінші жағынан айыппұл салып қалтасын қағып отырмыз. Сонда бұл норма халық үшін жасалып отыр деп қалай айтуға болады?!» дейді маман.

Мамандар мұндай норма қабылдап, қарапайым халықты қинай бергенше, жол ережесін өрескел бұзатын, жол-потрульдік полиция қызметкерлерін көзге де ілмейтін қалталы жүргізушілерді қатаң жазалп, ондайларды қамқорына алып, қорғаншы болатындарды да әшкерелеп, оларды да жазадан шет қалдырмау қажет екенін айтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста