Күнтізбеге “Ұлттық киім мерекесі күні” енгенін қалайсыз ба?

Күнтізбеге “Ұлттық киім мерекесі күні” енгенін қалайсыз ба?

Қазаққа ғана тән, жарасымды ұлттық киімдерімізді қолдаушылардың саны артып келеді бүгінде. Кезінде ұмыт бола жаздаған қазақы оюлы киімдерді қазір көшеде қыз-келіншектердің, ағаларымыздың үстінен кездестіріп қаламыз. Тіршілікке, жұмысқа ыңғайланған киімдер жастардың да, үлкендердің де қалауынан шығып, бүгінгінің сәнімен тігілген.

Бұған дейін газетімізде ұлттық киімді брендке айналдырудың жолдарын қарастырған едік. Ал тарихшы әрі жазушы Арман Нұрмағамбетов елімізге ұлттық киім мерекесін енгізуге ұсыныс жасады. Ойын әлеуметтік желі арқылы таратқан Арманның идеясын әп-сәтте қолдаушылар көбейе түсті. Мұндай қолдауды автордың өзі де күтпесе керек, күніне 500 адамға дейін қолдау білдіріп жатыр дейді ол. Сонымен ұлттық киім жанашыры тұрғындар сол күні жаппай қазақтың ұлттық киімін кию керек, бұл мерекені тойласақ, жеңіл өнеркәсіп пен туризм қарыштап дамиды дегенге сенеді. “Ұлы дала стилі бүкіл әлемнің сәніне айтарлықтай әсер етті. Біздің ата-бабаларымыз шалбар мен биік өкшелі аяқ киімді, бүгінде сәнді бофорттар мен етіктерді ойлап тауып, әлемге таратқан. Сақтардың аң стилі, кафтандар, бешпенттер (сүртік) - мұның барлығы бір кездерде ең сәнді әрі беделді киім болған, оны Қытайдан Францияға дейінгі халықтар киді. Ата-бабаларымыз сәнді деп тауып, мақтанышпен киген киімді пайдалануға біз неге ұяламыз? Біз қазақстандықтарға “Бұл мерекені қай күні өткізген жөн?” деген сұрақ қойдық, мұндай әсердің болатынын өзіміз де күтпедік”, - деді ол. Еріктілер ата-бабамыздың киімін сәнге айналдырудың қолдан келетін іс екенін айтады. Ол үшін ең болмағанда жылдың бір күнінде ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы киіп келген киімін кию керек. “Бүкіл ел бір күнде сәукеле мен шапан немесе оның заманауи түріндегі нұсқаларын (қазақша оюлары бар) кию керек, бұл керемет көрініс болмақ, ерекше мерекенің арқасында шетел туристері ағылып келе бастайды. Мұнымен қатар, жеке шеберлерге ерекше киім тіктіруге тапсырыстар түседі, жалпы жеңіл өнеркәсіп дамиды. Мұның барлығы да Қазақстан экономикасына оң әсерін береді”, - деді ол. Нұрмұханбетовтың айтуынша, қазақтың ұлттық киімі күнін жұмыс күніне белгілеу керек - мәселен, сәуірге, мамырға немесе қыркүйекке.

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан тақырыпқа ізін суытпай Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі қолдау білдірді. Министр ұсынысқа біршама толықтырулар енгізіпті. Яғни, ол қазақтың ұлттық киімі күнін ғана емес, елде тұрып жатқан барлық ұлттың киімі күнін енгізуді ұсынды. Бірінші кезекте Наурыз мейрамын бұдан да кең көлемде тойлап, оны балаларға арнау керек, ал, ұлттық киімді Наурыз мейрамын тойлау күндері кию керек деп есептейді ол. Шенеунік адамдарға ұлттық киімді күштеп кигізбеу керек, яғни Президенттің Жарлығы немесе үкіметтің қаулысы арқылы күштеп кигізу дұрыс емес деп есептейді. “Ұлттық киімді киюге ұялатындай жағдайға жеттік. Наурыз күні әрбір қазақстандық көшеге ұлттық киіммен шықса өзгелерге үлгі болар едік. Міндетті түрде сәукеле мен үлкен шапан кию емес, жәй ғана элементтерімен кисе де жарасымды. Осы арқылы мейрамға сән берер едік”, - деді ол.

Ұлы дала мәдениетінің насихаттаушысы Арман Нұрмұханбетов ойлағандай «Ұлттық киім» мерекесі сән мен ұлылықтың жалпыхалықтық мерекесіне айнала ала ма? Ал сіз ше, күнтізбемізге тағы бір мерекенің қосылғанын қалайсыз ба?

Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

«Қажет мереке»

IMG 8730— Аталған мерекенің халыққа қажет екені даусыз. Тойлау күніне келер болсақ, меніңше Наурыз мерекесі сай келетін секілді. Өйткені, соңғы жылдары Наурыз мерекесінің абыройы мен құрметі асқақтап келеді. Шын мәнінде ұлты мен ұлысына қарамай бүкіл қазақстандықтар бұл мерекені асыға күтеді. Әсіресе, Оңтүстік топырағында Наурыз ерекше тойланады. Киіз үй мен наурыз көже мерекенің атрибуттары екені даусыз. Енді осыған ұлттық киім фестивалін қосу қиын емес әрі қисынды. Мұндай фестиваль алдымен өзіміздің салт-дәстүрімізді ұмыттырмай қайта жаңғыртуға мүмкіндік берсе, екіншіден туризм саласын дамытатыны сөзсіз. Қазақтың ұлттық киіміндей осы күнге дейін сәнді, әдемі киімді ешбір ұлттан көрмеппін. Сондықтан, оны әрі қарай дамытып, бүгінгінің сәніне лайықтап, заманауи түрлерін қалыптастыру қажет.

Жалын Ғалым, әнші:

«Ешбір мемлекетте жоқ»

— Ұсынысты мен де екі қолымды көтеріп қолдаймын. Өйткені, ұлттық мүддені көздеген барлық бастаманы қолдауға әзірмін. Егер шынымен де Ұлттық киім мерекесі енгізілсе жоғары деңгейде, ерекше етіп атап өткеніміз абзал. Білуімше мұндай мереке басқа мемлекеттерде жоқ. Алғаш болып Қазақстан тойласа барлығы бізден үлгі алар еді. Ең бастысы мереке ұлттық сипатын жоғалтпауы керек.

Айбек Молдабай, ақын:

«Ұлтты киімді насихаттауды ұят көреміз»

—Дәстүрдің жаңғыруы жолында жасалған кез келген амалға оң көзбен қарауға тиіспіз. Ұлттық болмыс ішкі дүние - жан сұлулығымен қоса сыртқы болмыс - тән сұлулығының үйлесім табуында ғана безбенделеді. Пәлсапалық мәні терең ұлттық киіміміз, дәстүріміз ауылдың ауласынан әрі аса алмай қалғаны ойлантады. Жылдың 365 күніне Ұлттық киімді ұлықтау бір күндік датасын енгізу миға сыйымды дүние. Бір қырынан қарасақ ұлттық киімді насихаттаудың өзі ұлт алдында қисынсыз, ұят көрінетіндей. Қазақтың ұяты, ары, ізеті, тамаша талғамы осы ұлттық киіммен ғана үйлесім табады. Мереке шын мәнінде енгізіліп, бүкіл халқымыз тойлап жатса нұр үстіне нұр болар еді.

Есбосын Смағұлов, дінтанушы:

«Күштеу болмасын»

— Отанды сүю отбасыдан басталады. Менің ойымша ұлттық киімді құрметтеуді отбасынан бастау керек. Қазір елімізде ұлттық киім мейрамдарда ғана киіледі. Ал ұлттық киімге арнайы күнді арнасақ, бұл ұлттық болмысымызды жаңғыртуға зор серпін берер еді. Күнтізбеге қарасақ, Ұлттық киім күні қыркүйектің бірінші жұмыс күніне тура келсе, құба-құп. Себебі, 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Қазір университеттерде оқу бітіргенде түлектер Еуропадан келген мантияларды киіп алады. Ал оқу жылының басында ұлттық киімдермен университеттер мен мектептердің есігін ашсақ – бұл жақсы бастама болуы мүмкін. Екіншіден, көктемде ұлтымыздың салт-дәстүрі бойынша өтетін Наурыз мейрамы бар. Қазақтың жаңа жылында ұлттық киім онсыз да ұлықталады. Тақырыпқа тағы алып, қосарым—адамдарға ұлттық киімді күштеп, міндеттеп кигізуден еш нәтиже шықпайды. Бұл әр адамның ұлттық намысының көрсеткіші болуы керек деп есептеймін.

 rgmedia.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста