Мәселе

Құны 800 мың теңгелік "алтын" унитаз астаналық тұрғынның ашуына тиді

  • Құны 800 мың теңгелік

    Құны 800 мың теңгелік "алтын" унитаз астаналық тұрғынның ашуына тиді

Елордалық дүкендерінің бірінде алтынмен қапталған әжетхана жиһазы 800 мың теңгеге бағаланған. Тым қымбат тұратын элиталық унитаз бен қол жуғыш қала тұрғынының ашуын келтірген деп жазады NUR.KZ.


Аса қымбат бағаға саудаланып жатқан cантехниканың суретін ер адам редакциямызға жіберді.


"Бір күні сантехника дүкенінің маңынан өтіп бара жатып, көзіме жарқырап тұрған жиһаз түсті. Қарасам, алтынмен қапталған унитаз бен қол жуғыш екен. Бағасы - 800 мың теңге. Кім үшін жасалған жиһаз бұл сонда?


Доллар мен тауар бағасы шарықтап, 7-20-25 бағдарламасы бойынша біз алғашқы төлемді жинақтай алмай жатқан кезімізде біреу өзіне алтын жиһазды оңайшылықпен алып жатыр" , - деді ер адам.


Оған қоса, азамат жиһаздың алтыннан жасалғанын білу мақсатында дүкенге кіріп шыққан.


Сантехника қарапайым керамикадан жасалған қытайлық өнім болып шыққан. Ол бар болғаны алтын түспен жалатылған.


Астана тұрғыны басқа дүкендерде унитазды 20-25 мың-ға, ал қымбатын 50-60 мың теңгеге сатып алуға болатынын айтады.




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.12.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31