Мәселе

Күйеуге тимеген әйелге “қыздығыңыз жоқ па?” деп ыржалаңдап отыр: Зейнеткер отандық бағдарламаны сынады

  • Күйеуге тимеген әйелге “қыздығыңыз жоқ па?” деп ыржалаңдап отыр: Зейнеткер отандық бағдарламаны сынады

    Күйеуге тимеген әйелге “қыздығыңыз жоқ па?” деп ыржалаңдап отыр: Зейнеткер отандық бағдарламаны сынады

Отандық телеарнаны көрген зейнеткер жағасын ұстады.




Бұл туралы Замана басылымы хабарлайды.


Менің жасым 68-де, зейнеткермін. Таяуда қаладан үйге шаршаңқырап оралып, жаңалықтар көрмек ниетте теледидарды қосқан едім. «Пендеміз ғой» деген ток-шоу жүріп жатыр екен, «Қыз емеспін» деп аталатын тақырыбы назарымды аударды. Әйелім, ұлым, келінім оны көруге ұялып, басқа бөлмелерге шығып кетті. Себебі бұл бағдарламаның атауының өзі жайсыз еді. Ал мен бұл өзі не жайында болар екен деп оны соңына дейін көрдім.


Бұл шоуға өзім қатарлы бірер үлкендер мен студент жастар қатысып отыр екен, пікірсайысқа түсіп әлек болып жатыр. Жүргізуші жігіт микрофон ұсынып, ортада зырылдап жүр. Ортаға күйеуінен ажырасқан бір жас әйелді отырғызып қойыпты, оған қарама-қарсы жасы 30 – 40-тар шамасындағы тақырбас жігіт ыржалаңдап отыр.  Әлгі әйелге «Қыз емессіз бе?», «Қыздығыңыз жоқ па?«, «Күйеуің жоқ па, әлде ажырасқансың ба?», «Қыз емес екенсің, енді не істейсің?» деген сияқты сұрақтарды жаудырып жатыр.


Әйел де сұрақтарға ыржалаңдай жауап беріп отыр. Жас кезінде оңбай сүрінгенін айтып қояды. Залдағылардың бірі қазір медицинаның дамыған заманы екенін, «пәктік белгісін» қалпына келтіріп алуға болатынын, тіпті оның ақысына дейін тәптіштей айтып кеңес берді. Әлгі әйелден: «Сізде қыздық жоқ, енді не істейсіз?» – деп қайталап сұрап қоймаған еді, ол: «Медиктерге қыздық салғызып алып, күйеуге шығамын», – деп салды. Оған залда отырғандар мәз-мейрам болды


Біздің заманымызда ондай сорақылыққа бару түгілі қыздың бетінен сүюдің өзі арман еді. Қазір сүю былай тұрсын, көшеде тұрып тәнін сатады. Тіпті өткенде бір депутаттың ондайларды заңдастыру керек, қартайғанда зейнетақы төлеу үшін қамқорлық керек деп айтқанын да естідік. Ақша үшін жалаңаш тәнін көрсеткендер туралы да теледидарда сүйінші сұрағандай қылып айтты. Ата-бабаларымыз «Қызға – қырық үйден ты­йым» деп, әйел абыройына қатаң қарамап па еді?


Ал тәуелсіз ел болғандағы жастарға беріліп жатқан тәрбиенің сиқы мынау. Сөз бостандығы, демократия деп ойына келгенді істей беруге болмайтын шығар? Мәдениет, әдеп, ар-ұят, намыс қайда?


Бізде осындайларға тыйым салатын басшылар жоқ па, әлде оларға бәрібір ме? Мәдениет министрі осындай келеңсіз жайларға неге тосқауыл қоймайды? Өткенде олардың өздері осындай жайға тап болып, айтысып жүр деп еді, расында да солай болып, содан қолдары тимей жүр ме екен әлде? Негізі мұндай келеңсіздіктер үшін қатаң шара қолдану керек қой.


Сіз бұған не дейсіз, оқырман? Пікіріңізді айтыңыз. Ұлттық болмысымызға қатер төндіретін сорақы құбылыстарға бәріміз болып қарсы тұрайық. Кеш қалмайық!


“Мына бір жүргізуші жігіт мына қызға (суретте – ред.) “Қызсыз ба? Қыз емессіз бе?” деп сұрақ қойды. Студияда ақ жаулықты аналар, əжелер отыр. Жеткен жеріміз осы ма? Енді рейтинг үшін тікелей эфирде кейіпкерлерді жыныстық қатынасқа түсіру ғана қалған шығар бұларға! Рухани тозудың шегіне жеттік қой деймін… Бағдарлама соңында бұл жүргізуші кейіпкерінен “Етегіңді жігітіңнен басқа кім түрді?” деп сұрауды да ұмытпады. Міне, эротика! Сөзім жоқ!” дейді белгілі журналист АрманСқабылұлы.


Stan.kz



Көрілген: 3624    Пікірлер: 4

жексенбі, 04.02.2018, 16:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31