Қырғыз шекарашыларының отандасымызға оқ атуына не себеп?
Қырғыз шекарашыларының отандасымызға оқ атуына не себеп? Қазақ-қырғыз шекарасында оққа ұшқан Қазақстан азаматы көрші елден жылқы айдап әкелмек болған екен. Бүгін Шекара қызметінің басшысы осы оқиғаның жай-жапсарын айтып берді.
Дархан Ділманов, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры: -Еліміздің үш азаматы шекараны таулы жерден заңсыз кесіп өтіп, мал ұрламақ болғанда ұсталып қалған. Қырғыз тарапының айтуынша, сол сәтте біздің азаматтар офицерлерге пышақпен жүгірген екен. Сөйтіп, үш жерлесіміздің бірі оққа ұшты. Қанды оқиғаның өзі Жамбыл облысындағы «Жасөркен» заставасы маңайында 6 күн бұрын болған еді. Қырғыз сарбаздары «шекараны заңсыз кесіп өтті» деген күдікпен 3 адамға оқ атқан. Олардың бірі ауыр жарақаттан көз жұмды. Қалған екеуі қазір қамауда отыр. Осы жайттан соң, еліміздің Шекара қызметі Бішкектегі әріптестерімен қандай жағдайда оқ ату керектігі жайлы келісімге келіп жатыр.