Мәселе

Қырғызстаннан жеткізілген балалар киімінен улы заттар табылды

  • Қырғызстаннан жеткізілген балалар киімінен улы заттар табылды

    Қырғызстаннан жеткізілген балалар киімінен улы заттар табылды

Қарағандыда балалар киімдерінен улы зат табылды. Күртелер, жейделер мен белдемшелер тіпті жаңа туған нәрестелерге арналған ит көйлектерден де қауіпті газ - формальдегид - анықталған. Бұл туралы "Астана" телеарнасы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.


"Бұл киімдердің барлығы Қырғызстаннен әкелінген. Кәсіпкерлер оларды Алматы, Бішкек қалаларының базарларынан тасиды. Олардың құрамында формальдегидтің мөлшері өте жоғары. Бұл балаларымыздың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Адамның денесіне біртіндеп сіңіп ауыр дерттерге шалдықтырады", - дейді Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Юрий Залыгин. Санитарлардың айтуынша, улы зат тыныс алу жолдары мен жүйке жүйесін зақымдайды. Көз, тері ауруларына шалдықтырады. Сондықтан мамандар ата-аналарға иісі өткір киімдерді сатып алмауға кеңес береді. Өйткені қырғызстандық киім саудасына тосқауыл қою мүмкін болмай отыр. 2017 жылы тексерулер нәтижесінде 40-қа жуық кәсіпкерге ескерту жасалып, 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Алайда, жоспардан тыс тексеруге ілікпеген сауда нүктелері жетерлік. Мамандар саудагерлер киімдер туралы ақпараттарға, өндірілген орны мен мата құрамына мән бермейтінін айтады. Көпшілігінде сапа сертификаты да жоқ болып шыққан.

 




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

жұма, 23.02.2018, 10:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30