Мәселе

«Қытай есін жинап қашып кетіпті»: Қазақ жігіттері қытайға тұрмысқа шықпақ болған қыздың тойын болдырмай тастады (ВИДЕО)

  • «Қытай есін жинап қашып кетіпті»: Қазақ жігіттері қытайға тұрмысқа шықпақ болған қыздың тойын болдырмай тастады (ВИДЕО)

    «Қытай есін жинап қашып кетіпті»: Қазақ жігіттері қытайға тұрмысқа шықпақ болған қыздың тойын болдырмай тастады (ВИДЕО)

Алматы облысындағы Талғар қаласының қызы Қытай азаматына тұрмысқа шықпайтын секілді. Себебі қазақ жігіттері олардың үйленуіне бөгет жасап, тойды болдырмай тастаған. Үйленуге кедергі келтіргендердің видеосын куәгерлердің бірі әлеуметтік желілерге жүктеді.


Той болады деген күні Талғарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жігіттер келіп жетіпті. Полиция қызметкерлері болса мейрамхана алдын таңнан кешке дейін күзеткен. Алайда ол күні той болмаған, оған шақырылған қонақтар да келмеген.


Видеодағы ер азаматтың айтуынша, тойды болдырмау үшін мыңнан аса қазақ жігіті жиналған екен. Ал осыны естіген бойда, қытай азаматы сол күні-ақ ауылдан қашып кетіпті.«Қазақ жігіттері келіп жатыр. Той болмайтын болыпты. Қытай есін жинап қашып кеткен екен. Ақшасын қайтарып беріпті. Бүгін Талғардың өзінен 1000 жігіт шығыпты. Ал біз Шымкенттен келдік», – дейді видеодағы ер азамат.


Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын желі қолданушысы қазақ қызының қытай азаматына тұрмысқа шыққалы жатқаны туралы жазып, тіпті тойға шақыру билетіне дейін көрсеткен болатын. 





Көрілген: 10936    Пікірлер: 0

жұма, 22.06.2018, 16:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30