Мәселе

Қытай "Қорғас" орталығындағы өз аумағына сақалды адамдарды кіргізбей жатыр

  • Синьхуа

    Синьхуа

Қазақстан мен Қытайдың шекара бойындағы ынтымақтастығы жөніндегі кездесуде сөз сөйлеген Алматы облысының прокуроры Азамат Жылқыбаев Қытай тарапы "Қорғас" шекара бойы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы (ШЫХО) өз аумағына сақалды және мұсылманша киінген адамдарды кіргізбей жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Оның айтуынша, "Қорғас" ШЫХО арнайы көлік-жаяу жүргінші жолында сәуірден бастап Қытай әскери бөлімдері қызмет көрсететін қосымша бақылау-тексеру өткізу пункттері орнатылған. Бұл шара діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы әрекет ету мақсатында Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданы билігінің шешімімен қабылданған.


"Сонымен бірге, аталған пункттерде орталықтың қытай тарапына ұлты мен азаматтығына қарамастан сақал қойған және мұсылман тұрмыс-салтына сай киінген адамдарды өткізбей жатыр. Бұл Қазақстан азаматтары үшін де, біздің аумақтан сонда өткісі келетін шетел азаматтары үшін де орталыққа баруды қиындатып жатыр, екіншіден, екі мемлекет арасындағы тауар айналымы төмендеді", — деді прокурор.


Ол әскери өткізу пункттерінің жұмысын "Қорғас" ШЫХО қызметін реттеу туралы талаптар мен келісімдерге сәйкес келтіруді ұсынды. Келісім бойынша, мұндай қызметті тек табиғат апаты, эпидемия, төтенше жағдайлар туындаған кезде қолдану қарастырылған.


Бұл ақпаратты Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин де растады.


Ал, Қытай жоғары халықтық прокуратурасының өкілі Го Синван бұл проблема туралы алғаш рет естіп тұрғанын, сондықтан осындай ұсақ мәселелерді шешу үшін екі ел өкілдері арасында тұрақты кездесу өткізіп тұру қажет екенін атап өтті.




 




Көрілген: 440    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 07.12.2017, 16:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28