«Қытай торғайы қаптап кетті»

«Қытай торғайы қаптап кетті»

Соңғы бір-екі айдан бері Жамбыл жақта белгісіз торғай пайда болды. Бұл «жұмбақ құсты» алдымен Талас ауданына қарасты Ақкөл ауылының тұрғындары байқаған. Басқа қанаттыларға қырғидай тиген беймәлім құстың бұл бассыздығына алаңдаған тұрғындар дабыл қағып, алдымен жергілікті газет редакциясына келіпті.

Тұрғындардың айтуынша, ауылда бірнеше айдан бері белгісіз құс пайда болған. Әбжіл әрекеті мен жыртқыштығына қарап әлгі құсқа жергілікті тұрғындар «Қытай торғайы» деген айдар таққан. Жергілікті жастар газетінің тілшісі Талғат Нұрханов адамдардың дабылынан кейін Ақкөл ауылына арнайы барыпты. «Шынымен-ақ, ауылдың кіре беріс қақпасынан енген сәттен бастап, топталып ұшып жүрген түр-түсі белгісіз құстар көзімізге шалынды, - дейді тілші. - Тұрпаты қораш, тұрқы жұдырықтай ғана құс. Бірақ, ащы дауыстарынан құлақ тұнады. «Қытай торғайы» десе дегендей-ақ екен. Сонымен, ауыл тұрғындарымен тілдесіп, мәселенің мәнісіне одан әрі қаныға түстік. Ғалымжан Төреханұлы есімді ауыл тұрғынының айтуынша аталған құс осыдан екі жыл бұрын да пайда болған көрінеді. Бірақ, арада бірнеше апта өткеннен кейін ұшты-күйлі жоғалып кеткен».

Аталған құстың өзге құстардан ең басты ерекшелігі – топ-тобымен ұшып жүретіндігі және де ұясын кез келген жерге сала беретіндігінде екен. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары «қытай торғайларының» ешқандай зияны тиіп жатпағандығын да айтып өтті. Дегенмен, қорқыныш пен үрей де жоқ емес.

Ал, арнайы мамандар адамдардың алаңдауына ешқандай негіз жоқ екенін айтады. «Бұл «қытай торғайы» емес, өзіміздің алқызыл қараторғай, - дейді Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ақылтай Торыбайұлы. – Тек Талас ауданында ғана емес, бұл құс облысымыздың барлық өңірлерінде кездеседі. Көктем айында ұшып келіп, балапанын шығарғаннан кейін қайта ұшып кетеді. Шаруаға пайдасы болмаса, ешқандай зияны жоқ. Мәселен, алқызыл қараторғайлар егістікке қауіпті шегіртке және өзге де жәндіктермен қоректенеді. Сондықтан, байыбына бармай жатып, байбалам салудың қажеті жоқ».

Осылайша, жауапты мамандар бар білгендерімен бөлісті. Ал, тұрғындардың көзінде үрей бар. Соған қарағанда бұл мәселені әлі де тереңірек зерттеп көру керек сияқты. 

korrespondent.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста