Мәселе

Қытайда жерлеу рәсіміне тыйым салынды

  • Қытайда жерлеу рәсіміне тыйым салынды

    Қытайда жерлеу рәсіміне тыйым салынды

Қытайда қолданыстағы жер мөлшерін сақтап қалу мақсатында, ел тұрғындарына марқұмдарды жерлеу рәсіміне тыйым салынып жатыр. Жергілікті билік бұл ретте халық арасында тек "кремация" әдісін қалдыруды жөн санап отыр. Қазірдің өзінде Қытай билігі Цзянси провинциясы тұрғындарынан табыттарды тартып алып жатқан көрінеді. Бұл туралы pravda.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қытайдың Цзянси аймағында адамдарды жер қойнына тапсыру рәсіміне тыйым салынып, өңір билігі аймақта кремация әдісін ғана қалдыруды жөн санап отыр. Басылым берген мәліметке сәйкес, адам өлімі болған жағдайда, оның туыстары мәйітті жағып жібергені туралы сертификатты жергілікті атқамінерлерге тапсырулары керек екен. Аймақ аталмыш "жүйеге" бар-жоғы бір айдың ішінде көшіп бітеді деп күтіліп отыр.


Бүгіннің өзінде өңір билігі Ганьчжоу, Цзянь және Ичунь елдімекендері тұрғындарынан табыттарды тартып алған көрінеді. Аталған мәлімет әлеуметтік желілер арқылы таралып кеткен. Одан жергілікті халықтан табыттарды тартып алып, оларды экскаватордың астына тастап жатқанын анық көруге болады екен.


Сонымен бірге, қытайлықтардың табытты алу үшін, өмір бойы 5 мың юань жинағандары белгілі болыпты. Десе де Қытай билігі бүлінген табыттың толық сомасын қайтармай, тұрғындарға тек 2 мың юань қайтарып беріпті. 




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.07.2018, 21:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31