Мәселе

Қытайда жөндеуден өткізілген Air Astana ұшағы ақау салдарынан қона алмады

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

"Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы кезекті рет келеңсіз жағдайға ұшырап отыр. Бүгін, 12 қазанда ұшақ шасси ақауынан жерге қона алмаған. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне әуе компаниясының баспасөз қызметінен айтып берді.


Ұшақ жақында ғана Қытайдың Самьян қаласындағы HAECO техникалық қызметінде С-сheck көлемінде жөндеуден өткенін атап өтейік.


"Алматы уақытымен 08:00-де ұшып, шасси жиналғаннан кейін шасси жиналмағанын білдіретін индикация іске қосылды. Ұшаққа Алматыға қайтып келуге жететіндей етіп көп жанармай құйылғандықтан, жерге қонуға қажетті салмаққа дейін жету үшін жанармайды әуеде жұмсау керек болды. Сондықтан ұшақ Алматы әуежайының айналасында үш сағат айналып ұшып жүрді. Ұшақта екі ұшқыш және екі инженер болатын. Қазіргі кезде HAECO қызметкерлері ақауды анықтап жатыр", - деп түсіндірді баспасөз қызметінің өкілдері.


Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болғанын атап өтейік.

 




Көрілген: 341    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 15:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 18:08
    Ақырзаман келгенде

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31