Мәселе

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі не болып жатыр? Қыздың қорғаушысы мән-жайды айтып берді

  • Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі не болып жатыр? Қыздың қорғаушысы мән-жайды айтып берді

    Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі не болып жатыр? Қыздың қорғаушысы мән-жайды айтып берді

Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша сот кеңес бөлмесіне кетті. Бұл туралы қазақстандықтың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Менің 17-20.07 аралығындағы Бейжіңге сапарым бірінші кезекте А.Тұрлыбайдың жағдайымен байланысты болды. Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қазір не болып жатыр? Айтайын, қазір іс үкімді жариялау сатысында тұр. Сот (жаңа құрамдағы) осыдан кейін оны жариялау үшін кеңес бөлмесіне кетті. А.Тұрлыбайдың жағдайы бұрынғыдай, қанағаттанарлық", - деп жазды Нұрмағамбетов Instagram парақшасында. Еске сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанжоу әуежайында ұсталған еді. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Біраз уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданды. Ақжарқын Тұрлыбай сот үкімін бір жылдан бері күтіп отыр. Маусымда қазақстандық дипломаттар Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың колонияда йога мен ағылшын тілін үйретіп жүргенін хабарлады. 




Көрілген: 685    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.07.2018, 19:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31