Қытайдың қауіпті алмасы қатерлі ауруға шалдықтыруы мүмкін...

Қытайдың қауіпті алмасы қатерлі ауруға шалдықтыруы мүмкін...

Бүгінде еліміз жеміс-жидек нарығында экспортқа тәуелді екені белгілі. Ағзаға тигізер әсері мол дәрумені бар алманы шеттен тасыған соң не сорым?! Кеңес одағы кезінде Қазақстан бүкіл одақты алмамен қамтамасыз етпесе де бір ғана Ресейдің орталығы мен шеткері аумағындағы облыстарын алмамен «көміп» тастайтын. Ол кезең Кеңеспен бірге келмеске кетті. Енді өзі шеттен жеміс-жидек, алма тасымалдауға мәжбүр. Әсіресе қытайдың құрт түспейтін алмасы қазақстандықтардың денсаулығына дерт жамай ма деген қауіптің қылтиғанына да көп болды. Өйткені қысықкөзділердің кез-келген өнімінің денсаулыққа қарсы көрсетілімі бар. Әлемнің кейбір елдері оны дәлелдеп, жаһанға жар салып, абыройын айрандай төгіп, Пекинге қарсы нота жіберіп те үлгерді.
Қытайдан келетін қақпасын тарс бүркеніп, бірде-бір өнімін тұтынбауға шақырып отыр. Ал, біздің ел Қытай болмаса аш қалатын түріміз бар. Азық-түліктің басым бөлігі аспан асты елінен тасымалданады. Нарықтық экономика еліміздің жеміс-көкөніс саласын құрдымға жіберді десек, артық айтқандық болмас. Бау-бақша егістіктері отынға айналып, күлі де қалмағанына көп болды. Енді ғана алма, жүзімдік бауларына субсидия бөлініп, бұл салаға күн түсе бастады. Алайда алма дегеніңіз бүгін ексең ертең өнім беретін бидай мен арпа емес. Бес-алты жыл күтіп, баптағаннан кейін ғана өнім беретіні белгілі. Ал, қолында қаржысы аз шаруа қожалықтары бес-алты жылын алма бауын суғарып текке өткізгенше сытырлатып ақша санататын, мол пайда түсіретін өнім еккенді жөн көреді. Демек енді отырғызылған алма бауларының жемісін ұзақ күтуге тура келеді. Онда да субсидияның арқасында тамырын жайған өнім ішкі нарықты толық қамти ала ма? Мәселе осында. Демек әлі де импорт алмаға телміргеніміз телмірген деген сөз. Жесең қағаз шайнағандай болатын қытайский алмалардың құрамын зерттеуге мамандарымыздың неге асықпай отырғаны түсініксіз. Әлде білсе де халықтан жасырып отырған сасық саясаттың иісі аңқитындай. Өткен жылы қытайдан елімізге 145 мың тоннадан астам алма тасымалданған. Дамушы елдердің сыртқы нарыққа тәуелді екенін зерттеп, біліп отырған қытайлықтар осал жерімізден ұстап, жеміс шаруашылығына басым көңіл бөлді де, қаржыны аямай қарқынды дамытып, соның арқасында біздің нарықты жаулап алды. Бүгінде алма экспорты 90 пайызға жетті. Мүлде құрт түспеген соң іріп-шірімейтін қытай алмасы базар жаймаларында жылдап тұра береді. Оның құрамы терең зерттеуді қажет етеді. Әрі бүгінде шекарада қытай тауарларын тексеріп өткізетін зертханалар салу күн тәртібіне шығуы тиіс еді. Алайда бұл салада күн түсуі тиіс көлеңкелі тұстар көп болып тұр. Ал сол алмалардың әрқайсысын ұқыптап, бөлек-бөлек ораған ақ «дәкелерін» тышқанның ұясына тастасаңыз, кеміргіштерді сеспей қатырады. Оның ішінде сақталған алманы жеп жүрген адамдардың асқазаны да, ағзасы да сау емесі сөзсіз. Аспанасты елінен асып келетін тауарлардан улы заттар табылып та жатыр. Пекин тауарларына Еуроодақ, АҚШ, Жапония, Малайзия сияқты көптеген елдер тыйым салды. Себеп біреу: адам денсау-лығына зиянды, тіпті улы заттары көп. Бір кездері АҚШ үй жануарларына арналған Қытай тағамдарынан зиянды қоспа тауып еді, ит пен мысығының денсаулығын мемлекеттік деңгейде қорғап, Пекинге қарсы нота жіберді. Екі аяқтылар түгілі адам тағдыры таразыға түсіп тұрған шақта бейқамдығымыз... түсініксіз...
Қысықкөздердің тауарларының көпшілігінде еркектерді белден айыратын, ұрықтарын өлтіретін улы қоспа бар екеніне құлақ та үйренді. Әр қадымына дейін есептеулі Қытай жерінде алмалар біздегідей табиғи жағдайда, күннің астында піспегені анық. Қауіпті көршіміз аз уақытта мол өнім алу үшін химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді тым көп мөлшерде қолданатындары да дәлелдеуді қажет етпес. Өздері жемейді, өзгенің ағзасын ойлап бас қатырып қайтсін. Шытырлатып ақшасын санап алса болғаны. Басқасында шаруасы жоқ. АҚШ-тың тағам өнімдері сапасына санитарлық бақылау жасайтын басқармасы (Food and Drug Admіnіstrіon – FDA) қытайлық өнім өндірушілерге ескерту жасаудан шаршамай-ақ келеді. Халықтың денсаулығын басты назарда ұстайтын ақштықтар белгіленген нормадан ауытқу байқалған қытай өнімдерін кері қайтарады. Ғалымдар химиялық тыңайтқыштардың шектен тыс қолданылуы көкөністерде азотты аминнің түзілуіне әкеліп соғатынын, ал ол қауіпті де қатерлі рак ауруларына шалдықтыратындығын дәлелдегені белгілі. Көрмеге қоюға лайықталғандай бір міні жоқ, бір құрты жоқ жылтыраған Қытай алмасы халықтың денсаулығын құртып, қолымызды мезгілен кеш сермеп жүрмесек болғаны. Осыдан он төрт жыл бұрын қабылданған «Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігі» жөніндегі заңда азықтың құрамы, құнарлылығы, тұтыну мерзімі мен сақтау жағдайы қатаң бақылауға алыну керектігі айтылған. Алайда заң талаптары осал, тек қағаз жүзінде ғана қалуы керек сияқты әсер етеді. Өйткені орындалмайды. Ал, орындалмайтын, қауқарсыз заңның қажеті қанша?
Қонақжай халқымыз өздері «қолдың алмасы» деп атайтын яғни, отандық «Айгүл», «Розмарин», «Семирянка» деген алманы дастарханға қоюға ұялатын болды бүгінде. (Ол алманың да атасы Мичурин мырза болатын. Бүгінде алмаларды будандастырып, сол арқылы алманың жаңа сортын шығаратын «мичуриншілер» де жоқ). Өйткені құрт түскен, сыртқы көрінісі қораш. Ал, негізінде ғалымдар құрт түскен алманың адам ағзасына пайдалы дәрумені мол деп санайды. Ал, қытайдың алмасына құрт та түспейді. Демек жорғалағыш жәндік те «что то не то» екенін білгені де. Ал, біз...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста