Мәселе

Қыздарды қытай еркектеріне зорлап қосып жатқаны рас па? (ВИДЕО)

  • Қыздарды қытай еркектеріне зорлап қосып жатқаны рас па? (ВИДЕО)

    Қыздарды қытай еркектеріне зорлап қосып жатқаны рас па? (ВИДЕО)

Кейінгі кездері әлемнің әр түкпірінде орын алып жатқан жаңалықтарды, оқиғаларды әлеуметтік желілер арқылы сол мезетте-ақ біліп отыратын болдық. Рас-өтірігі белгісіз солардың кейбірі санаға тіпті қатты әсер етіп, төбе құйқаңды шымырлатады. Мысалы, таяуда бір бейнежазба жарияланды. Ал оған қатысты басылған аудиожазбада төмендегідей жай баяндалады. 


«Мына суретте ұйғырдың айдай сұлу қызын «қисық тіске» күйеуге беріп жатыр. Бұл менің есіме мына бір тарихи жайды түсіріп отыр. 


Монғолдар Қытайды бағындырғанда, Құбылай заманынан кейін болса керек, 4 қытайдың үйіне 1 монғолдан бастық етіп бекіткен екен. Әрбір төрт үйді бір монғол басқаратын болған. Сол үйлердегі кез келген бір жігіт үйленер болса, жаңа түскен келінді алдымен бастықтары – монғолға береді, ол келіншекті жүкті етеді. Яғни бірінші бала монғолдан туылуы керек екен, кейінгілерін өз күйеуінен туатын болған. 


Осы қорлыққа шыдамаған қытайлар одан құтылатын амал іздегенде қалыңдықты өз үйінен жүкті етіп шығару жағын ойластырыпты. Бірінші баланы да қытай ету жағын көздеген. Бірақ монғолдар мұны біліп қойып, содан кейін қыз қай үйден ұзатылатын болса, сол үйдің бастығы – монғолдан жүкті болып, сосын барып күйеуге шығуы тиіс деген тәртіп енгізіпті. 


(Мұны қытайдың шалдары тарихты қозғап өзара әңгімелескенде айтып отырады екен). 


Сосын бұл да қиын болып, монғол билігінің бұдан басқа да әділетсіздігіне шыдамай, енді не істейміз дегенде бір қытай ақыл тауыпты. Әлгі «момы» деген наны бар ғой, былпылдақ, соның ішіне хат жазып салып таратыпты. 8-ші айдың 15-інде деген болар, «Сендер пәлені күні төрт үй бірігіп монғолды өлтіріңдер. Сөйтіп билікті қолға аламыз», – деп жазып, соны бір жыл бойы таратыпты. 4 наннан таратады, соның біреуінде қызыл нүктемен белгі қойылады екен. Оны қытайлардан басқа ешкім білмеген, билік оған назар аудармаған. 


Қысқасы, қытайлар монғолдарды хатта келісілген сол сағат, сол минутта жаппай өлтіріп, азат болған екен. 



Ол ХІІІ – ХІV ғасырлар ғой. Ал қазір ХХІ ғасыр. Бұлар енді соның мәдени түрін жасады. Ұйғыр, қазақ қыздарын қытай еркектеріне зорлап, ақша беріп, марапаттап, сыйлықтар беріп, түрлі айла-шарғылармен қосып жатыр. Бұған да разы болмай, бұл аз болып, енді ерлерін сылтаумен, сылтаусыз да ұстап әкетіп, үйлеріне бірден қытайды жатқызып, сол үйдегі ендігі туылатын балаларды қытай қылу мақсатында жасап жатқан тірліктері. 


Көрдіңіздер ме, бұл қандай қиын, ауыр жағдай! Бұл енді ерте заманға, сол заманның көзқарасына үйлескенімен, қазіргі ХХІ ғасырға үйлеспейтін тірлік қой. Яғни қазіргіше айтқанда – жабайы тірлік. Қандай өкінішті! 


Мына қыздың көзінде, бет-бейнесінде ешқандай да қуаныштың лебі есіп тұрған жоқ. Өте өкінішті, қайғылы, қайтерін білмей, қашып кетудің орны жоқ, қипалақтап тұр. Өзі бір әдемі қыз екен, мына бір сасық қытайға қосып жатыр. Мұны мұсылмандарға тарату керек сияқты». 


Бұл аудиожазбада осылай деп айтылады. Бұл рас болса, шынымен де сұмдық емес пе? 


Н. ӘБДІ


www.zamana.kz




Көрілген: 6937    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.06.2018, 16:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31