Мәселе

Қызғаншақ күйеуінен қашқан әйел 4 қабаттан секіріп кеткен

  • © 24 Канал

    © 24 Канал

Шымкентте қызғаншақ күйеуінің соққысынан қашпақ болған әйел төртінші қабаттан секіріп, сәбиінен айырылған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.


Оқиға былтырғы жылы «Қорғау Астана» дағдарыс орталығында тіркелген. Қор мамандарының айтуынша, Р. есімді бойжеткен (есімі автордың өтінішімен жарияланбады) - жетімдер үйінің тәрбиеленушісі, жастайынан тағдырдың тауқыметін тартқан ару есейе келе бұрын істі болған азаматпен бас қосқан.


«Алғашында бәрі жақсы болғанымен, кейін күйеуі белгісіз бір себептермен қатты қызғануды шығарған. Қол көтеріп, тіпті, пышақпен қорқытқан кездері де болған. Бір күні үйде тағы да сондай жанжал шығып, күйеуі асханадағы пышақты алып, келіншекке ала жүгірген. Қорыққаннан не істерін білмеген әйел 4 қабаттағы пәтер терезінен секіріп түскен», - дейді қор жетекшісі Анна Рыль.


Өкініштісі, жүкті арудың ішіндегі 4 айлық сәби шетінеп кеткен. Ал, келіншектің өзі болса, ғажайыптың күшімен аман қалған.


«Р. есімді бойжеткен аман болғанымен, секіргенде жағымен құлап, жағының сау-тамтығы қалмаған. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасаса да, жақ сүйектері дұрыс бітіпей, оған күрделі ота жасау қажет болып отыр. Алайда, ота жасаудан шымкенттік дәрігерлер бас тартты. Айтуларынша, ол тым күрделі болғандықтан, отаны тек білікті мамандар жасай алады екен. Соның салдыран, келіншек күйзеліске түсіп, тіпті, жөнді тамақтанудан қалған. Себебі, жақ сүйектері шайнауға жарамсыз", - дейді қор жетекшісі.


Сонымен бірге, Р.-ның денсаулығына зардабын тигізген жолдасының сол күйі жауапкершілікке тартылмағаны белгілі болды.


«Ол абақтыға қамалатынын біліп, әйелінен арызды қайтарып алуын сұраған. Тіпті, ота жасайтын дәрігер тауып беремін, ақшасын көтеремін деп алдаған. Бірақ, ананы-мынаны сылтау етіп, соңында тайып тұрған», - деп оқиғаны баяндап берді маман.


Қазіргі таңда зәбір көрген келіншек жақ сүйектеріне ота жасатудың мемлекеттік кезегінде тұрған көрінеді. 




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.02.2018, 15:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31