Мәселе

Лифтідегі журналистің қазасы: Жәбірленушілер 5 млн теңге өтемақы сұрады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбедегі лифтіде мерт болған журналист Айзат Әбдісаматтың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Жәбірленуші тарап 5 миллион теңге моральдық өтемақы сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ақтөбе қалалық сотында сотталушы Жарылқасын Ақжанов жәбірленуші тараптан кешірім сұрап, өзінің кінәсіз екенін айтты.


"Мен өзімді кінәлі деп есептемеймін. Ал 5 миллион теңге моральдық шығынды төлей алмаймын. Ондай ақшам жоқ. Жағдайым келгенше көмектесе аламын. Өзім жолақы үшін 6 мың теңгеге лифт жөндеген адаммын", - деді сотталушы Ж.Ақжанов.


Ал сотталушы Кенен Жанабеков өз кінәсін мойындамады, бірақ жәбірленуші сұраған моральдық өтемақыны толық берді.


Айта кетейік, қаза болған Айзат Әбдісаматтың анасы Айша Төлемісова сотталушыларға кешірім беретінін жеткізді.


"Мен кешірім бердім. Негізі сотталушылар сол күні келіп, көңіл айтып, кешірім сұрауы керек еді. Ал олар арада 7 ай өткенде ғана үйіме келді", - деді Айзат Әбдәсаматтың анасы Айша Төлемісова.



Еске салсақ, осы жылдың сәуір айында журналист Айзат Әбдісамат лифт есігіне қысылып,көз жұмған еді. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша айып тағылды.




Сот басталмас бұрын Айзат Әбдісаматтың анасы кінәлі адамдардың жазалануын сұрады.


Ертең жарыссөз болады.


 




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.10.2018, 20:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30