Мәселе

ІІМ басшысы Қазақстан жолдарында не өзгерту керектігін айтты

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың ойынша, қазақстандық жолдарға жолақтардың орнына көбірек қоршаулар орнатып, көбірек жаяу жүргіншілер жолдарын жасау керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Тек полицейлер мен әкімшілік шаралармен жолдағы тәртіпті орната алмаймыз. Бұл жерде жол инфрақұрылымын дамыту мәселесін шешу керек секілді, яғни жолайрық салу, жаяу жүргіншілер жолдары, жол ортасына қоршаулар орнату", - дейді министр.


Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болатын адамдардың 20 пайызы жолдың қарсы бетіне өтіп кетуінен екен. Бетпе-бет соқтығысқан автокөліктегі адамдар ауыр жарақаттар алады. Министр бүкіл әлемде осындай жағдайлардың алдын алу үшін қоршау конструкцияларын орнататынын айтады.


"Қайтыс болғандардың 25 пайызы - жаяу жүргіншілерді қағып кету салдарынан, себебі жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың аздығынан адамдар жолды кесіп өтуге мәжбүр. Осы екі бағытта біз жұмыс істеуіміз қажет", - деді Қасымов.


Ведомство басшысы 2010 жылы ашылған Астана - Бурабай және 2017 жылы ашылған Астана - Қарағанды автобандарын мысал етті.


"Шындап келгенде, жол апаты 70 пайызға қысқарды, соның нәтижесінде жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза табатын адамдар саны да азайды", - деді ол.

 




Көрілген: 213    Пікірлер: 0

жұма, 14.09.2018, 17:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30