Мәселе

«Магнум» сауда үйі құрттаған балыққа қатысты түсінік берді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы тұрғыны «Magnum» сауда үйінен сатып алынған балықтың ішінен құрт тауып алған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Magnum сауда үйінен балық сатып алдым. Ішінен құрт шықты. Өкінішке орай шағым кітабы да стандартқа сай емес екен. Тіркеу нөмірі жоқ», — деді тұтынушы.


«Magnum Cash&Carry» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сауда үйінің әкімшілігі тұтынушыдан тауарды қайтып алып, ақшасын қайтарып берді. «Тауар сатылымнан алынып тасталды. Қазір аталған дерекке қатысты сауда үйінде ветеринарлық тексеру жүріп жатыр», — деді компания өкілдері.


Сонымен қатар компания тұтынушыға кері байланыс орнатқаны үшін алғыс білдірді. Тіркеу нөмірі жоқ шағым кітабына байланысты да нақтылау жұмыстары жүріп жатыр. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұтынушылармен кері байланыс орнатуға сауда үйінде бар жағдай жасалған.


«Сауда үйінде «Халық бақылауы» акциясы жұмыс жасайды. Яғни, барлық жерде қажетті телефон нөмірлері көрсетілген. Тұтынушылар тікелей директормен сөйлесе алады. Бақылау таразылары орнатылған. Сатып алушы алған тауарының салмағын тексере алады. Яғни, тұтынушылармен кері байланыс бар», — деді баспасөз қызметінен.


Ал қалалық Қоғам денсаулығын қорғау департаментінің мамандары паразиттік құрттар адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін айтып берді.


«Паразиттік аурулар адамда түрлі симптомдармен көрініс береді. Мәселен, іш ауруы, аллергия, бас ауруы сияқты белгілер пайда болуы мүмкін. Паразит ауруларын дер кезінде анықтамаса, ол адам денсаулығына өте үлкен қауіп төндіреді», — деді Департаменттің тағам нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы Гүлнар Мадимарова.


Оның айтуынша, құқығы бұзылған тұтынушы, ең алдымен аймақтық бөлімге чек, сурет немесе видеоматериалмен барып арыздануы керек.


«Арыз негізінде нысанға тексеру ашылады. Тексеру аясында зертханалық жұмыс жүргізіледі. Егер, сараптама расталса, онда өнім қай уақытта, қалай бұзылғаны анықталады. Егер өнім сауда сөрелеріне түспей тұрып бұзылған болса, онда өндірушіге қатысты тексеріс басталады. Сол жұмыстардың нәтижесінде тұтынушыға жауап жазылады», — деді Гүлнар Мадимарова. 




Көрілген: 672    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 01.02.2018, 09:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28