Мәселе

Мәжілісте бетперде киген қыз депутаттардың алдында сөз сөйледі

  • © Sputnik / Ксения Воронина

    © Sputnik / Ксения Воронина

Бүгін мәжілісте ақ бетперде киген қыз сөз сөйледі. Ол балаларға арналған "111" сенім телефоны оған қиын жағдайда қалай көмектескенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Бүгін бір қыз осында келіп, өзі тап болған қиын жағдаймен бөлісуді жөн көрді. Ол бетперде киіп, мұндай қадамға не себепті барғанын айтып береді. Біз балаларды киіндіреміз, тамағын береміз, осы жеткілікті деп санаймыз. Бірақ оның ішкі жан-дүниесіне үңілмейміз. Осындай қадамға барған кішкентай бала қалай дегенмен өмір жайлы ойланады. Ол бізге "111" телефонына қоңырау соққанда, психологтар онымен екі сағат бойы жұмыс істеді. Қазір ол өзіне қол жұмсамағанына қуанып, алғысын айтады, өйткені ата-анасы, бауырлары қасында. Балаға ойыншық, киім, білім ғана керек емес, оған, ең алдымен, махаббат, мейірім, жылулық қажет. Оларға тірек бола білейік, бұл қыздың оқиғасы бәрімізге, барша ата-анаға сабақ болады деген үміттемін", — деді Зағипа Балиева мәжілісте өткен кеңейтілген отырыста.


Бұған дейін балалар омбудсмені жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу үшін қоғамдық балалар қозғалысын құруды ұсынған болатын.


 


 




Көрілген: 2203    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 15:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30