Мәселе

Мақтаралда 80 жастағы қарияны қайынағасының ұлы зорлаған (ВИДЕО)

  • © sn.kz

    © sn.kz

Түркістан облысы Мақтарал ауданында тұратын қария бүгінде көшеге шығуға қысылады. Ол қазір өз үйінен безіп, Сарыағаштағы қызының қолында амалдыздан жүр деп хабарлайды жергілікті телеарналардың бірі.


«Екі рет шашынан сүйрелеген. Тескеру нәтижелері бар. 3 адам куә болса шындық болады дейтін еді. Әділдік қайда екенін мен білмеймін. Осындай жағдайға жетіп отыр менің шешем», - дейді жәбірленушінің қызы Маржан Әділбаева.


Кейуанаға түн ортасында баласын іздеп келген қайынағасының ұлы тап берген. Ауыл сыртындағы егістікке шығарып, ойына келгенін істеген.


«Есік алдына шыққан соң менің шешемді қылқындырып ала жөнеледі. Сені Рамаданға апарып тұншықтырып өлтіремін. Сен менің әкемді дуалап өлтіргенсің деп менің шешемді сүйрейді. Бұл ішкөйлекпен жатқан. Шешем айқайлаған «Құтқарыңдар» деп. Оны ешкім естімейді. Сөйтіп 2 жарым шақырымдық егістік алқабына сүйреп апарып, сорақы жағдайға душар етеді менің шешемді», - дейді кейуанының қызы.


Істі қараған аудандық ішкі істер басқармасының жұмысына қанағаттанбаған жәбірленушілер бүгін бар үмітті «Нұр Отанға» артты. Қоғамдық қабылдауға келген мамандар сорақылыққа барған азаматтың былығы анықталса, тиісті жазасын алуы керек деп шешті. Сондықтан да істі облыстық тергеу басқармасы өз қадағалауына алды.


«Басынан бастап қайтадан тергейміз. Егер тағы да шешімге сіздер наразы болсаңыздар прокуратураға арыз жазсаңыздар болады. Қосымша сараптама керек болса Астанадан да тағайындаймыз. Заңды түрде шешім қабылдап, прокуратура органдарына жұмсаймыз», - дейді ОҚО ІІБ тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Охашов.


Бұл мәселе «Нұр Отан» партиясының да қатаң қадағалауында болады. Заңға сәйкес, істеген ісін кім болса да мойнымен көтеуі тиіс. 



sn.kz




Көрілген: 5481    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.07.2018, 19:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31