Мәселе

Мал сойғанын хабарламағандарға да айыппұл салынуы мүмкін

  • Мал сойғанын хабарламағандарға да айыппұл салынуы мүмкін

    Мал сойғанын хабарламағандарға да айыппұл салынуы мүмкін

Заңға сәйкес, ветеринарлар жаңадан сатып алынған малды, олардың төлін тіркеп отыруы тиіс


Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге, жаңадан сатып алынған жануарларды, алынған төлдерді ветеринариялық мамандарға хабарлауға міндетті. Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы хабарлады.

Мәжіліс депутаты қайыршыларға ақша беретін адамдарға айыппұл салуды ұсынды

Ал бірдейлендіру үшін сол аумақта орналасқан ветеринариялық бекеттердегі мамандарға өтініш беру қажет.


Ветеринариялық дәрігерлер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық паспорт беру жұмыстарын тегін жүргізеді, деп жазды otyrar.kz.


"Қораңыздағы төрт түлік малыңызды бірдейлендірмеген жағдайда және жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, олардың сойылғаны туралы хабарламағаны үшін мал иесін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Заңының 406-бабына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделгенін назарларыңызға жеткіземіз", — деп хабарлады мамандар.

 




Көрілген: 789    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.01.2019, 14:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31