Мәселе

Малайзиялық азамат қазақ қызына ықтияр хат үшін үйленгенін айтты

  • Әлия. Фото жеке мұрағатынан

    Әлия. Фото жеке мұрағатынан

Малайзиялық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақстандық бойжеткен балаларын күйеуі ұрлап кеткенін айтып, дабыл қағуда. Бойжеткеннің адвокаты шетел азаматының қазақстандық аруға ықтияр хат үшін үйленгенін дәлелдейтін хабарламаларды NUR.KZ редакциясына жолдады.


Арнайы маманның көмегімен қытай тіліндегі хабарламалардың нақты аудармасын жасатқан адвокат оларды назарға салды.


"Егер мен Малайзияға қайтып оралсам, сенде көк тиын болмайтынын түсінесің бе? Бұны саған айтуға қорыққан едім, себебі, айтатын болсам, кері қайтару мүмкін болмайды. Мен үшін саған үйленудің басты себебі ықтияр хатты алу еді. Соның көмегімен қомақты ақшаға ие бола аламын", - деп жазған малайзиялық азамат әйеліне.


Бұл хатты алған қазақстандық ару одан не үшін екі бала сүюге дейін барғанын сұрады. Ер адам той күнінен бастап ажырасуды ойлап келгенін және "бұлай боларын білмегенін" алға тартқан.


Бұл құжаттың негізінде бойжеткеннің адвокаты сот арқылы некенің заңсыз екенін дәлелдеп, малайзиялықты әке құқығынан айырмақ.


Еске салсақ, Алматы тұрғыны малайзиялық күйеу баласының немерелерін ұрлап әкеткенін айтып, мұңын шаққан болатын. Ұрланған балаларды малайзиялық полиция іздестіруде. 




Көрілген: 751    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.07.2018, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31