Медиацияның маңызы зор!

Медиацияның маңызы зор!

Медиация - кез-келген даулы мәселені бітімгершілікпен шешу. Бұл қазіргі сот жүйесіне өте қажетті жолдардың бірі. Бұдан соттың да, сотталушы мен соттасушының да жұмысы жеңілдейді. Дұрыс қолдана білсе, екі тарап та ерікті түрде бір мәмлеге келеді. Тіпті Елбасының өзі де халыққа жариялаған 100 нақты қадамның 26, 33 қадамдарында осыны атап өтті.
Медиацияға жүгінсе, дауласушылардың бірінікі дұрыс, екіншісі бұрыс демей, оның алтын ортасын іздейді, сол арқылы екі жақтың да мүддесін қамтитын шешім табылады. Түптеп айтқанда, медиация әртүрлі қиын жағдайға тап болған адамдар арасында келісімге келудің ізгілікті жолы деуге болады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 40% медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 пайызында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Өркениетті дейтін шетелдердің тәжірибесі дауларды медиатордың қатысуымен реттеу көп жағдайда екі тараптың келісімге келуімен аяқталатынын көрсетеді. Бұл даулаушы тараптардың санын азайтады. Бізге керегі де осы. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша медиация рәсiмi қолданылмайды. Өйткені, медиация – тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзуi мақсатында медиатордың жәрдемдесуiмен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсiмi. Бір сөзбен айтқанда, медиацияның мақсаты дауды шешуде медиацияның екi тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткiзу, тараптардың дауласушылық деңгейiн төмендету болып табылады. Сондай-ақ, судьялардың және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар лауазымды тұлғаларының тараптарды қандай да болмасын нысанда медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
Қазіргі таңдағы медиация түсінігі ХХ ғасырдың екінші жартысында, алдымен, ағылшын-саксон құқығы қолданылатын елдерде – АҚШ, Австралияда дами бастады, содан кейін Еуропаға тарала бастағандығын айтады. Медиацияны пайдаланудың алғашқы талпынысы отбасылық қатынастар саласындағы дауларды шешу барысында жасалды. Кейіннен медиация отбасылық даулардан бастап коммерциялық және жария саладағы көп тарапты күрделі дауларды шешуде де табыспен қолданылып, мойындалды. Бәрімізге белгілі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында Президент Н.Назарбаев Үкіметке медиация институтын дамытуға бағытталған заңға бағынысты құқықтық база қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды, сондай-ақ, ол медиация құрылымдарын ұлттық және жеке компанияларда құру керектігін атап көрсетті.
Өйткені, әлемдік тәжірибеде медиацияны заңнамалық бекітудің көптеген мысалдары белгілі. Тиісті актілер АҚШ, Австрия, Германияда қабылданған. Еуропа комиссиясы Медиатордың кодексін бекітті, ал Еуроодақ медиаторлар қызметін реттейтін бірқатар директивалар шығарды. Ал біздің еліміз медиация үшін жасақталған қажетті инфрақұрылымды әлемдік тәжірибені ескере отырып құқықтық жүйеде институттандыра білді.
Жалпы осындай түрлі балама тәсілдерді тәжірибеге енгізу қоғамның дамуына тың серпін береді. Дамыған отыз елдің қатарына құрғақ көрсеткіштер, жалаң қағидалармен ене алмаймыз. Себебі, озған елдің экономикасы, әлеуеті ғана емес, мәдениеті мен рухани құндылықтарымен қатар заң үстемдіктері де берік болуы шарт. Сондықтан да Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаев демократиялық мемлекеттің жоғары стандарттарына лайықты сот жүйесін құруды алға қойған болатын. Осы жылдар ішінде Қазақстанның сот жүйесі реформалық сатылардан өтіп, қазір әлемдік стандартқа толық сәйкес келетін сот жүйесі қалыптасуда.
Мақпал АБДРЕШЕВА, Бостандық ауданы №2 сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста