Медицина қызметкерлері үшін сертификат алу ақылы болмақ

Медицина қызметкерлері үшін сертификат алу ақылы болмақ

Бұдан былай медицина қызметкерлері үшін біліктілік санатын көтеріп, сертификат алу ақылы болмақ. Ол 2 мың мен 25 мың теңге аралығында. Ал ақпарат құралдары, біліктілік талаптарын тапсырмағандар жұмысқа аттап баса алмайды, деген дерек таратты. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Ал жаңа жүйеге қатысты дәрігерлер пікірі қандай? Бұл сауалдарға Айзада Төребекқызы жауап іздеді.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері әр бес жыл сайын кәсіби біліктілігін жоғарылатып, мамандығы бойынша алуы тиіс сертификат осы айдан бастап ақылы. Ол 2 950 теңге мен 24 мың теңгенің аралығында. Жиырма екі жылдық тәжірибесі бар мейірбике Халбүви Толаметова бұл өзгерісті өзіне қолайлы деп санайды.

Халбүви Толаметова, мейірбике:

Сұрақ-жауапқа ауызша жауап беріп өтетінбіз бұрын. Енді тест тапсырамыз. Ақысы онша көп емес. Қиындау бұрынғыдан. Бірақ осы жүйе дұрыс деп ойлаймын. Әр мейірбике өз ісін жетік білсе, сынақтан өтеді. Демек, ол үшін оқу керек. Енді бұрынғыдай кім көрінген өте алмайды.

Алайда аталған жаңалық кәінігі дәрігерлерге ұнай қоймаған секілді. Олардың ойынша, дәрігер өз біліктілігін күнделікті жұмысында дәлелдей алса, жеткілікті.

Талғат Айтбаев, жоғары дәрежелі травматолог:

Біліктілікті қанша арттырып жүріп, бір рет те ақша берген емеспіз. Ол жерде арнайы комиссия отырады. Мен өзім желтоқсан айында тапсырдым, тегін болған. Енді мен оған қазір дәрігерлердің ақшасы былай да аз, тегін болса екен деп ойлаймын.

Досжан Құнанбаев, дәрігер-хирург:

Білімі бар медициналық мамандар біліммен өздігінше-ақ санаттылығын, яғни өзінің кәсіби білімділігін, арттыра алады. Және оған өзім де көзім жетеді.

Дәрігерлер өз ісіне сенімді болғанмен, ел арасында медицина қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмайтындар баршылық.

Мына жаңадан қосылған врачтарға онша толмайды. Себебі тәжірибе аз. Қалай барсаң да, бір бірінен сұрастырып отырады. Әрине, менің ойымша, «оқыту» керек көбінесе.

Әрине, біліктілігін артыру керек. Өздеріңіз білесіздер, бізде кейбір дәрігерлер тәжірибесі аз. Қойған диагнозы жаға ұстатады. Сондықтан санат беру ақылы болған болса, әр мекеме өз қызметкерін түрлі ақылы курстарға жіберіп, білімін жетілдіруі тиіс.

Алайда республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы өкілдері бұл халықаралық стандартқа сәйкес енгізілген өзгеріс екенін айтып отыр. Бір айта кетерлігі, ақылы жүйеге көшу медицина қызметкерлерінің барлығына бірдей мәжбүрлі емес екен.

Ирина Пивоварова, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы бас директорының орынбасары:

Яғни медицина саласының қызметкерлері санатын жаңарту-жаңартпау жағын өзі шешеді. Яғни өз еркінде. Егер ақша төлегісі келмесе, бұрынғы санатында қала берсе болады. Неліктен ақылы болды дегенге келсем, өткен жылдары бұл жүйе бүкіләлемдік банк жобасы аясында қаржыландырылып келді. Жоба аяқталуына байланысты ендігі жерде ақылы болады.

Дейтұрғанмен таяқтың екі ұшы барын ескерген жөн секілді. Өйткені дәрігерлердің санаты бірінші кезекте олардың айлық еңбек ақысына әсер ететіні белгілі. Ал жаңа жүйенің түпкі көздегені - азаматтардың денінің саулығы мен медициналық қызмет сапасын арттыру.
 astanatv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста