Мәселе

Медицина ұйымдарының жұмысынан кемшіліктер табылды

  • Медицина ұйымдарының жұмысынан кемшіліктер табылды

    Медицина ұйымдарының жұмысынан кемшіліктер табылды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы клиникалар тарапынан бірінші жарты жылдықта көрсетілген қызмет сапасын бақылау барысында бірқатар олқылықтар тапты. Мониторинг жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек 312 млн теңгенің қызметі кемшіліктермен көрсетілген. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Айтуынша, мониторинг барысында анықталған кемшіліктер негізінен емдеу-диагностика шараларының дұрыс жүргізілмеуіне қатысты. Кей жағдайларда медициналық қызмет бағасын негізсіз көтеру фактілері де орын алған.

«Кемшіліктің басым бөлігі стационарлық көмек көрсететін ұйымдарға тиесілі. Алматы қаласы бойынша кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде стационарлық көмекті 57 клиника көрсетеді. Ал, консультативтік-диагностикалық қызмет көрсететін 59 медицина мекемесі 3,7 млн теңгенің қызметін кемшіліктермен көрсеткен», деді Т.Әбілдаев.

Қор мәліметінше, жыл басынан бері еліміз бойынша 2,7 млрд теңгенің қызметі түрлі кемшіліктермен көрсетілгені анықтаған. Денсаулық сақтау саласындағы заңдар мен сатып алу туралы келісімшарт талаптарын бұзған медицина ұйымдарынан 65 млн теңге қайтарып алынды.

«Медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген талаптар бойынша жүргізіледі. Мониторинг негізінен «Медициналық қызмет сапасын басқару жүйесі» (СУКМУ) деп аталатын ақпараттық жүйе арқылы жргізіледі. Сонымен қатар, біздің мамандарымыз аталған ақпараттық жүйемен қамтылмаған емдеу ұйымдарын өздері барып тексереді», - деді Т.Әбілдаев.

Оған қоса, мониторинг жоспардан тыс та өткізілуі мүмкін. Оған пациенттер тарапынан түскен шағымдар негіз болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, қор биылғы жылдың бірінші жартысында халыққа тегін қызмет көрсеткен Алматыдағы медицина ұйымдарына 53,4 млрд теңге төлеген болатын. Бұл - оңтүстік астаналық 170 клиникамен бекітілген келісімшарттар сомасының 56 пайыздан астамы. Жыл соңына дейін оларға 94,3 млрд теңгеге жуық қаржы берілуі тиіс.

 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.08.2018, 00:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31