Медициналық сақтандыру қорына 5 млн 952 мың адамның атына жарна аударылды - Бахмутова
2017 жылдың 1 шілдесінен биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін 80,6 млрд теңге жарна түсті. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы Елена Бахмутова мәлімдеді.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бір жыл толды. Өткен жылдың 1 шілдесі мен биылғы жылдың 1 шілдесіне дейінгі аралықта түскен жарнаның жалпы сомасы 80,6 млрд теңгеге жетті. Жарналар мен аударымдар барлығы 5 млн 952 мың адамның атына аударылған", - деді ол үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
"Қор табыс пен шығынды теңгерімді пайдалану принципі бойынша жұмыс істейді.Қазіргі таңда қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакетінің операторы. Қазір республикалық бюджеттен аталған көмекке бөлінген қаражатты мемлекеттік тапсырыс алған медицина ұйымдары арасында бөліске салып отыр. Биыл ТМККК пакетіне 924 млрд теңге бөлінген", - деді Е.Бахмутова.