Мәселе

Медициналық сақтандырудың маңызы зор!

  • Медициналық сақтандырудың маңызы зор!

    Медициналық сақтандырудың маңызы зор!

Медициналық сақтандыру - денсаулық сақтау саласына ғана қажетті реформа емес. Ол ел экономикасының барлық салаларына қатысты мәселе. Сондықтан өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды экономикаға тарту қай кезде де өзектілігін жоймайды. Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық қабылдау бөлімі өткізген жиында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарушы директоры Зәбира Оразалиева мәлімдеді.


Айтуынша, біреудің малын бағып, ауласындағы шаруасын тындырып жүргендердің барлығы дерлік жұмыс берушімен еңбек келісімшартын бекіте қоймайды. Сол себепті аталған санаттағы азаматтарды толығымен жүйеге тарту қиындық тудырмақ. "Жалпы, қазір мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін шешу тетіктері жан-жақты қарастырылып жатыр. Мемлекеттік органдар бұл жұмысты жылдың соңына дейін аяқтауы тиіс", - деді З.Оразалиева.


Жиында қор өкілдері кәсіпкерлер мен журналистердің сұрақтарына жан-жақты жауап берді. "Жүйе 2020 жылы енгізілетін болса, біз не үшін жарна аударуымыз керек?" деген сауалға МСҚ басқарушы директоры: "Мәселен, былтыр желтоқсан айының соңына дейін Қорға 30 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, сақтандыру шеңберінде бір айда көрсетілетін қызметтер ақысы 50 млрд теңгеден асып жығылады. Ендеше, Қордың жарты жыл бойы жинағаны бір айлық қызмет ақысын төлеуге де жетпейді. Халық арасында жинақталған қаржыға қатысты алаңдаушылық бары рас. Ол қаржы сақтандыру жүйесінің резерві ретінде сақталады. Бұл резерв реформаның табысты жүзеге асуы үшін өте қажет. Одан бір тиын да шашау шықпайды," - деп жауап қайырды.


Еске сала кетсек, жеке кәсіпкерлер өзі үшін қорға жарна төлеу міндетінен екі жылға босатылды. Олардың 2017 жылдың шілдесі мен желтоқсаны аралығында төлеген жарналары Қордың Ұлттық банктегі шотында сақталады. Басқарушы директордың айтуынша, қазір жарнаны жеңілдетілген тәртіп бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер төлеп жатыр. Салық декларациясын жарты жылда бір рет тапсыратын бұл санаттағылар өткен жылдың алты айы үшін жарнаны ақпан айының 25-іне дейін төлеп болуы тиіс. Бір айта кетерлігі, қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар кәсіпкерлер жұмыс беруші ретінде жарна төлеуді ұмытпағаны абзал. Сонымен қатар, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар да 2020 жылға дейін жарна төлемейді. Мемлекет те жеңілдігі бар 14 санаттағы 10 миллион адамды екі жылдан кейін сақтандыра бастамақ. Яғни, жоғарыда аталған санаттардың бәрі сақтандыру жарнасын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған кезден бастап төлей бастауы тиіс. Ал, жұмыс берушілер қарамағындағы жұмыскерлері үшін аударым жасауды тоқтатпайды. Былтыр жұмыс берушілер әр жұмыскер үшін жалақының 1 пайызы көлемінде ақша аударған болса, биылдан бастап бұл көрсеткіш 1,5 пайызға жетті.


 




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.02.2018, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31