Мектеп парталары стандартқа сай ма?

Мектеп парталары стандартқа сай ма?

Офталмологтардың зерттеулеріне қарағанда түзу парта мен түзу орындық баланың көзін құртатын көрінеді. Бұрынғы пионерлер мен косомолдардың естерінде болар мектептерде сәл ортаға қарай қисайыңқы парталар болатын. Ол баланың дәптерді сәл қисайтыңқырап, жазуына өте ыңғайлы еді. Емен ағашынан жасалған парталар өте ауыр болатын. Орнынан қозғалтудың өзі мұң-тын. Есесіне оқушыға өте ыңғайлы еді.
Сондай-ақ, мектепке арналған парталардың үш түрі болатын: бастауыш сыныпқа арналған, орта сыныпқа және жоғары сыныптағыларға арнайы жасалатын. Ол парталардың бала денсаулығына, қалыпты өсіп жетілуіне көмегі көп еді. Әлгі «қисық» парталар көздің көру қабілетін бұзбайтын. Бүгінде ондай парталар жоқ. Қытайдың қаптаған парталары тоқырау жылдары басып қалды. Түп-түзу парталарға баланың отырып тұруы да жайлы емес. Бүгінгі парталарға отырып, тура көз алдыңызға кітапты қойып оқып көріңізші. Мойынды иілтіп, басты салбыратып оқуға мәжбүрсіз. Есесіне осы парталардың кесірінен балалардың омыртқа жүйесі дұрыс жетілмей қисайып өседі. Тіпті, бүкір болып қалу қаупі де жоқ емес. Өткен жылы облыс дәрігерлері қала мектептерінде оқушыларды тексеруден өткізген болатын. 375 баланың омыртқасы қисайса, 432 бала сколиоз дертіне тұсалғаны анықталған. Мамандардың айтуынша бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін. Оған басты себеп мектептегі сапасыз жиһаздар. Ең бастысы қытайдан әкелінген мектеп парталары көп қауіп төндіруде. Мектептердегі стандартқа сай келмейтін қытай парталарының зардабынан балалар бүкір болып, қабырғалары, омыртқалары қисық қалыптасуда. Одан қалса кеңсе тауарларының жағымсыз иісті, улы бояуларынан оқушыларымыз тағы да зардап шегуде Қытайдан келген жиһаздық өнімдердің барлық түрінен формальдегид қана емес, мырыш, кадмий және хром сияқты ауыр металдар да анықталған. Бұл металдар адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екендігі белгілі...13-14 жаста омыртқаның өсуі жылдамдайды. Сондықтан да осы жаста сақ болған жөн. Баланың түзу отырғанын қадағалау керек. Парта оқушының бойына сәйкес келуі тиіс. Аяғы жерге тиіп тұруы керек, отырғанда тізесі түзу тұруы тиіс. Тақтаға қарап қисайып отыру өте зиянды. Баланың бүкіл ағзасына, омыртқа жүйесіне, көзге де зиян. Жылына екі-үш орын ауыстырып отыруы керек. Егер баланың омыртқасында ауытқушылық байқалса, емдік гимнастикамен айналысып, мануальды терапевке көрсету қажет. Шетелдерде мектептегі бүкіл жиһаз оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталуына көп мән беріледі. Мәселен, АҚШ-та «Ligne Roset» жиһаз компаниясы компьютер столдарынан бастап, бүкіл мектеп жиһаздарын шығарумен әлемде жетекші орындардың бірінде тұр. 1860 жылы негізі қаланған бұл компания мектеп жиһаздарын жасауда ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып, стандарттан ауытқымауды басты назарда ұстайды. Әрі өнімдері өте ыңғайлылығымен сұранысқа ие. Ең арзан партасының өзі АҚШ-та 200 доллардың көлемінде. Бағасына сапасы сай. Ал, ғылыми прогерсшіл жапондар да баланың құндақтаулы кезінен мектеп бітіргеніне дейінгі уақытта оның дұрыс өсіп жетілуіне өте қатты мән береді. Әсіресе мектеп жасындағы балаларына бар ыңғайлылықты қарастырған. Өздері Seiza деп атайтын отыру үлгісіне сай орындықтар жасап шығарады. Сондай-ақ, партада отырғанда баланың иығы орындықтың арқалығына тиіп тұратындай етіп, үстелдің астына аяқ қойып отыратын тақтайшасын да ұмыт қалдырмайды. Сол себептен де бұл елдерде, бүкірлік, сколиоз деген аурулар тым сирек кездеседі. Ал, бізде... Себебімен емес, салдарымен күресіп жатамыз. Ауру боп қалған соң оны емдегеннен гөрі алдын алған әлдеқайда тиімді емес пе? Алайда оған мән беру жағы кемшін түсуде. Жыл сайын пайдалануға қаншама жаңа мектептер беріліп жатыр. Оған алынып жатқан жаңа парталардың стандартқа сай келетіні, келмейтіні қатаң қадағаланбайды. Облыстық санитарлық-қадағалау басқармасында мектеп жасындағы балалар гигиенасы бөлімі бар. Алайда бұл бөлім мектеп парталарының стандартқа сай келетінін я келмейтіні жөнінде сараптама жүргізбейді. Бүгінде мектеп парталарының бір данасы 7,5 мың теңге тұрады. Арзанның сорпасы суға татымайтынын білсе де, мектеп басшылары үнемдейміз деп үлкен шығынға ұрынып жатады. Сапасы төмен қытай парталары біздің тентектердің тепкісіне шыдамайды. Бір оқу жылына әзер шыдас береді. Оны қайта жамап, жасқаудың да қажеті шамалы. Үнем емес, ең бастысы болашағымыз балалардың денсаулығы басты назарда тұруы тиіс емес пе? Бүгінде мектепті жиһазбен жабдықтау мәселесі тендер деген тегеурінге телмірулі екендігі белгілі. Осыған орай Білім министрлігі мектеп парталарының стандартқа сай келуін қатаң талап қойса игі болар еді. Жыл сайын өткізілетін тендерлерде осы жағы кемшін түсіп жатады. Талапты қатаңдату керек-ақ. Сонда ұтарымыз мол. Ұрпақ та сау, қаржы да үнемдеулі...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста