Мектеп тағамы талапқа сай ма?

Мектеп тағамы талапқа сай ма?

Бүгін мектепте не жедің балам? Бұл – перзентін мектепке сеніп тапсырған ата-анаға етене таныс сауал. Күйбең тіршілікпен жүрген ата-аналардың көбі жұмысбасты. Сондықтан да балаларына күндіз бірмезгіл ыстық тамақ жасап бере алмай жатады. Оның үстіне қазіргі оқушылардың қосымша сабақтар мен үйірмелерден қолы босамайды.
Демек балғындар мектеп қабырғасында уақтылы тамақтанып, сапалы білім алуы тиіс. Алайда бүгінгі мектеп асханалары осы үддеден толық шыға алмай отыр. Бұған ай сайын бақ құралдарында шығып жатқан дау-дамайлар, астан улану сынды оқиғалар куә. Мәселен, былтырғы жылдың 17 қыркүйегінде Алматыдағы №173 мектептің 48 оқушысы астан уланып қалғанын ұмыта қойған жоқпыз. Ал биылғы жылдың 9 сәуірінде Астанадағы №3 мектеп-гимназиясының оқушылары асханадан ас ішем деп темір төсекке таңылды. Міне, мектеп асханасында уланыпты деген жайттарды көптеп еститін болдық. Мұның бала денсаулығына кері әсер ететіні сөзсіз.
Ауру – астан
Дәрігерлердің мәліметтеріне сәйкес, қазіргі оқушылардың 60 пайызға жуығында ішек-асқазан және қан аздық аурулары сынды кінәраттар бар. Ауру тек мектеп асханасынан келеді деуден аулақпыз. Ауаның ластануы, әлеуметтік ахуал мен психологиялық ауыртпалықтар және басқа да келеңсіз жайттар да денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Бұған қоса дұрыс тамақтанбаса жас ағзада зат алмасу бұзылып, табиғи иммунитет әлсірейді. Дұрыс тамақтанбаудың соңы дертпен аяқталатынына ешкім дауласа алмас.
Тағам бағасы
Қазіргі таңда мемлекет қазынасынан бастауыш сыныптардың әрбір оқушысына шамамен 300 теңге бөлінеді. Қазақ тағамтану академиясы «бұл сома бір баланың бір реттік түстігіне жетеді» деп қос қолдап құптаған. Өзіміз көз жеткізгендей Алматыдағы мектептердің басым бөлігі осы талапты сақтауға тырысады. Дегенмен бәрінде баға бірдей емес. Өйткені бағаны аудандық әкімдіктер белгілейді. Өзге өңірлерде де жағдай осы. Бір облыста бір оқушының күнделікті асы 100-120 теңге болса, екінші аймақта 250-300 теңгенің айналасында. Осы сомаға бір реттік ыстық тамақ пен жеңіл-желпі салат, бір стакан шырын кіреді. Арасында қосымша ретінде жеміс-жидек пен балық, йогурт, сүт беріледі.
Ыстық астан қағылған ауыл балалары бар
Еліміздің барлық өңірінде 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен түгел қамтылып отырған жоқ. Тек Атырау, Алматы, Астана қаласы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының 1-4 сынып оқушылары ғана тегін тамақтандырылуда. Білім және ғылым министрлігі таратқан соңғы мәліметке қарағанда, бүгінде елімізде 6 мың 183 мектеп ыстық тамақ бағдарламасымен 2 миллионға жуық баланы бір мерзім ауқаттандырады екен. Бұл елдегі мектептің 79 пайызы.
СЭС-тен ешкім сескенбейді
Тамақтану режимінің маңызды эле¬ментінің бірі – тамақтың қайда ішілетіндігі мен азық-түліктің таза, құрғақ, салқын жерде сақталып, таза ыдыспен таратылуы. Шындығын айтсақ оқушылар жеп жатқан тағамдарға химиялық зерттеу күнде жасалып жатқан жоқ. Тіпті СЭС-тің өзі күнде тексере бермейді. СЭС мамандары келуді жиілетсе жеке кәсіпкер прокуратураға дереу шағым түсіре қояды. Жалпы мектептің асханасына мектеп директорлары да жауапты. Бірақ басшылар ас мәзірін қадағалай алмайтынын, біреудің жеке кәсібіне араласа алмайтынын айтып ақталады, барлығын жоғарыға сілтеп ат-тондарын ала қашады. Оның үстіне келісім-шартқа мектеп директоры емес, Білім басқармасындағылар ғана қол қоятын көрінеді. Тағы айта кететін жайт, тамақ өнімдеріне химиялық-технологиялық бақылау жоқ. Мемлекттік сатып алуларға қатысқан компаниялар азық-түлікті барынша үнемдейтінін ескерсек, аспаздар арзан, сапасыз өнімдерді араластырып жіберуі де әбден мүмкін ғой…
Мектептерге балалар диетологы қажет пе?
«Балалар мен оқушылардың пайдалы тамақтану саясатын енгізу және қадағалау» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Баелев «балалар диетологы болуы керек» дегенді біраздан бері айтып келеді. Өскелең ұрпақтың санасы, дене бітімі қалыпты жағдайда дамуы үшін уақтылы, сапалы тамақтануы керек. Қанша жастағы балаға нендей қорек керек? Оқушының сабақ үлгерімін жоғарылату үшін нендей шараны қолдану қажет? Осының барлығын белгілейтін диетологтың да маңызы зор. Жалпы әр мектепке бір диетологтан болмаса да бір ауданға бір диетолог керек-ақ.
«Шіріген алма, қарайған банан»
Бұл тендерлік жүйенің бізге берген жемісі. Аталған жүйенің қатты жұмыс жасағаны соншалықты «жемісі қатты пісіп шіріп кеткен». Ия, кімнің асы арзан, сол адам жеңімпаз атанады. Яғни жекеменшік серіктестіктердің ұсынатын астың арзан болуына басымдық беріледі. Осылайша барынша төмен бағадағы азық-түлікті ұсынған кәсіпкер жыл бойы оқушыларды тойдыру мәртебесіне ие болады. Өзімізде өсетін жемістер қымбат болғандықтан Қытайдың бүріскен бананы мен кеуіп кеткен кивиін үлестіреді. Ия, тендердің бәсекелестікті арттыратыны рас. Бірақ мұнда сапа жайына қалмай ма? Осылайша тендермен тамақтандыру жүйесі өзінің тиімсіздігін бірнеше жыл бұрын көрсетті.
Тамақтану жүйесі түбегейлі өзгеруі мүмкін
Биылғы 1 маусымнан бастап тамақтану жүйесіне өзгерістер енгізілген болатын. Мектептердегі тамақтануға қатысты түйткілдердің бар екендігін мойындаған ҚР Білім және ғылым министрлігі осындай тоқтамға келіпті. Жаңа ережелерге сәйкес, басымдық – азық-түліктің сапасына берілмек. Мәселен, бұрын кім төмен баға ұсынса, тендердің жеңімпазы сол атанатын. Енді жағдай өзгерді. Конкурсқа қатысушылардың тамақтандыру сала-сындағы тәжірибесі, сапа сертификаты, аспаздардың біліктілігі, сондай-ақ сани¬тарлық-эпидемиологиялық рұқ¬саты бар өнімдердің тізімі талап етіледі. Сондай-ақ қызмет көрсететін мекемені, ас мәзірін мұғалімдер мен ата-аналар бірлесіп таңдайды. Ең бастысы білім ошақтарындағы тегін тамақ Еуропа талаптарына сәйкес жасалады. Осы арқылы Білім және ғылым министрлігі «еліміздегі орта білім ошақтарындағы оқушыларды тамақтандыру сапасын арттырамыз» деп отыр.
Ата-ананың да айтары бар, бірақ…
«Ой, балам мектептен түк жемей аш келеді». Мектептегі мәзірге көңілі толмаған ата-аналардың күңкілі осыған саяды. Бірақ ата-аналардың басым бөлігі арызданып абыройын түсіргісі келмейді. «Балама күн бермей қудалап жүрер» деп қорқады. Шындығында баланың жарқын болашағы – денсаулықта екенін көп әке-шешелердің ескере бермейтіні өкінішті.
Ауру – автоматтан!
Қазіргі мектептерде тиын салсаң түрлі тәттілер мен газдалған сусындар беретін автоматтар орнатылады. Барлығында емес әрине. Бірақ мұны қала мектептерінен жиі кездестіруге болады. Жоғары сынып оқушылары мектепте 3-4 сағаттан, қосымша сабақтар, үйірме, секцияларға және т.б. қатысуға қалатын болса үйіне қайтқанша ашқұрсақ жүруі мүмкін. Не болмаса автомат-дүкеннен не жақын мағдағы сауда орнына фаст-фуд өнімдерін алып жеуі мүмкін. Қарны ашқан кез келген оқушы үлкен-кіші сынып болсын дереу автоматтар қызметіне жүгініп, бояу мен қоспаға толы тәтті-пәттілерді сатып алып жейді. Балалар арасында семіздіктің белең алуына осы автоматтар едәуір үлес қосып жатыр. Газды сусындарды көп ішіп, тәттілерді көп жеген балғын артық салмақ жинай бастайды. Мектеп асханасынан берілген астан бас тартып, өзге тауарларды сатып алуға итермелейтін де нақ осы дүкен-автомат. Мұндай құрылғыны қоюға түбегейлі тыйым салу керек шығар. Құрғақтай тамақ жеудің зиянды екенін ескерсек, білім ошақтарына автомат қойып соның жал ақысын жеп отырған мектеп басшылығына бір шара қолданған дұрыс сияқты.
Оқушының ас мәзірі бай болуға міндетті
Дәрумендер, микроэлементтер, ақуыз, май, көмірсулар. Бұл салауатты тамақта¬нудың негізі. Ас құрамында негізгі қоректік заттар міндетті түрде болуы керек. Йод тапшылығы туындамауы үшін ет, балық, сүт өнімдері, жеміс-жидектер, нан секілді тағамдар күн сайынғы ас мәзіріне, ал өзге – қаймақ, жұмыртқа, сүзбені күнде емес етіп ас мәзіріне қосқан дұрыс. Тамақ әр түрлі болуы үшін азық-түліктің түрін көбейтіп қана қоймай, сондай-ақ олардан түрліше тағамдар дайындау қажет. Нәтижесінде тамақтың сапасы мен мөлшері біршама артуы тиіс. Кітап оқығанда көзі көргіш, есте сақтау қабілеті мықты, зерек болу үшін бала ет, балық, жеміс пен көкөністі көп жеуі керек. Рационда тамақ түрі неғұрлым көп болса, соғұрлым пайдалы.
erkindik.kz сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста