Мәселе

Мектепке орамал тағып баратын оқушылар мен бірге мұғалімдер де бар

  • Көрнекі сурет.   © Медиазона

    Көрнекі сурет. © Медиазона

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова Азаттыққа облыста діни сенімі бойынша мектепке орамал тағып баратын оқушылар мен бірге мұғалімдер де барын хабарлады.


15 ақпан күні облысы әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген Ардақ Садықова қазіргі күні облыста 398 оқушы қыз мектепте орамал тартып жүргенін айтады.


- 2017 жылы діни сеніміне байланысты 597 оқушы қыз бен 28 мұғалім мектепке орамал тағып баратын. 2018 жылдың ақпан айындағы есеп бойынша, орамал тағатын оқушылар саны 398-ге кеміді. Ал қазір орамал тағатын алты мұғалім қалды, - дейді ол.


Ардақ Садықова орамал тағатын оқушылардың ата-аналарына айыппұл салу тәртібі белгіленгенін жеткізді. Бүгін де жекелеген оқушылардың ата-аналарына айыппұл салу үшін 130 құжат жасалған.


Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықовтың пікірінше, мектеп оқушыларына қойылатын талап орындалуы керек. «Мектеп – мемлекеттік мекеме. Қазақстанда мемлекет діннен бөлек. Заңда бекітілген мектеп формасы бар, соны сақтауға міндеттіміз» деді ол Азаттыққа. 




Көрілген: 715    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.02.2018, 15:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30