Мәселе

Менингит дерті: Алматылық әйел бір күнде баласы мен келінінен айырылды

  • Фото: Izhlife

    Фото: Izhlife

Алматы облысында 19 жастағы келіншектің менингиттен қайтыс болғанын айтқан болатынбыз. Сондай-ақ, Аида есімді әйелдің бес жасар ұлы да осы дерттен қаза тапқан болатын. Екі жақынынан санаулы сағаттарда айырылып қалған әйел жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.


Аида баласы қиналған сәтте Талғар аудандық ауруханасына хабарласа алмаған. Ол баласын қалалық ауруханаға өзі алып келіпті.


Оның айтуынша, ауруханада кезек өте көп болғаны сонша, 30 минут ішінде 10 шақты бала жеткізілген.


Тексеру барысында Аиданың бес жасар ұлынан менингит дерті анықталып, жансақтау бөліміне жатқызылады. Дәрігерлер қолдан келгенін жасағанымен, балақай дертінен көз жұмған.

Келінінің де дәл баласы секілді ауырып жатқанын білген Аида дереу ата-анасына хабарласып, оны ауруханаға жеткізу керектігін айтады. Бірақ 19 жастағы келінді ол уақытта ауруханаға жатқызып үлгерген екен.


Дәрігерлер науқастарды Қаскелеңнің ауруханасына алып баруға бұйрық берілгенін айтып, 19 жастағы келіншекті Талғардан Қаскелеңге алып барған. Алайда ол да осы ауруханада көз жұмады.


Санаулы сағаттарда екі жақынынан бірдей айырылған әйел енді денсаулық сақтау министрлігіне шағымданбақ.

 




Көрілген: 989    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.06.2018, 10:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31