Мәселе

Мешітке келген ұрылар сәждеге өтірік бас иген болып өзгелердің телефоны мен киімдерін ұрлап кетіп жүр

  • Мешітке келген ұрылар сәждеге өтірік бас иген болып өзгелердің телефоны мен киімдерін ұрлап кетіп жүр

    Мешітке келген ұрылар сәждеге өтірік бас иген болып өзгелердің телефоны мен киімдерін ұрлап кетіп жүр

Жайнамаз үстінде өтірік сәждеге бас иген боп, көзді ала бере мешітте ұрлық жасайтындар саны тыйылар емес. Кеше ғана елордадағы құлшылық үйіне намаз оқуға келген азамат ұялы телефоны мен сырт киімінен айрылып қалған.


Аязды күнде күртесіз қалған жігіт полицияға хабар беріпті. Мешіт қызметкерлері қауіпсіздікті күшейттік дегеніне қарамастан, кейбір әккі ұрылар камера тұрған орындарға түспей ізін суытып кететінін айтады. Жалпы бүгінде бөтеннің мүлкін ұрлау үлкен мәселеге айналғаны белгілі. Дегенмен адамның Алланың үйінде бассыздық жасауға не итермелейді, деп хабарлайды Евразия арнасы.


Бұрындары «Мешітке барып аяқкиім жаңартып қайту керек еді» деген қағытпа болушы еді. Бірақ бұл бүгінгінің шындығы болып тұрғаны өкінішті. Жақында ғана осы мешітке құлшылыққа жігіт сырт киімі мен ұялы телефонынан айрылып қалды. Ұрыны ұстау үшін бейнекамерадағы жазбаны қараған полицейлер оны көп ұзамай қолға түсірген.


Соңынан бұл іс сотқа дейін жетіпті. Бірақ жүрегінде иманы бар жігіт, өзінің мүлкін қолды еткен баукеспеге кешірім берген.


«Кешіре береді екен деп ары қарай қылмыскер адам өз ісін жалғастыра беруіне болмайды. Полиция қызметкерлері ары қарай оның басқа да қылмыстарға қатысы бар ма, жоқ па екенін анықтап жатқан жағдайда, басқа қоғамдық жерлерде осындай қылмысқа барған жағдайда, жауапқа тартылуы тиіс» – дейді «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов.


Ал осы күзде Түркістан қаласындағы мешіттердің бірінде түсірілген видеода тепсе темір үзетін жігіт, садаққа жәшігін жалаң қолмен ашқысы келген көрінді. Бірақ онысынан түк шықпаған соң, сырттан темір зат алып келіп, әуреге түседі.


Ал мына кадрларда құлшылық орнына келген баукеспе әуелі жан-жағына асықпай қарап тұр. Соңынан кісі аяғы азайған кезде бөгде адамның киімінен әмияннын алып, қаша жөнеледі.


Ал Алматы қаласындағы мешітте ұрлық үстінде қолға түскен сұғанақты имамдардың өзі қолға түсіріп, бейнекамера алдында қылмысын мойындаттырған. Қадрдан жас жігіттің қолды болған гаджетті кілемнің астынан жайбарақат алып, үстелдің үстіне қойғанын көруге болады. Жүзінде «ұят болды-ау»деген ойдың ұшқыны да жоқ. Жалпы мұндай сұғанақ қолдылардың жер бетіндегі ең қасиетті жерде де тайсалмауына не себеп? Таяуда ғана еліміздің бұрынғы бас прокуроры, қазіргі жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов олар өзінің қолға түспейтінін жақсы білетінін айтқан еді.


«Біз ылғи жақсы көреміз ғой, сақтықта қорлық жоқ деп айтуды. Оның бәрі қазір ескірді. Қазір деген ұрылар, бұрынғыдай емес, өте қу. Олардың қулықтары көп. Жалпы халық құқық қорғау органдарына сенбейді. Өйткені тіркелген ұрлықтардың 70 пайызы жыл сайын ашылмай қалып жатады» – ҚР бұрынғы бас прокуроры Жақып Асанов.


Имамдардың айтуынша, ұрлық-қарлық көбіне жұма намазы секілді, жұрттың қарасы қалың кездерде болады екен. Кейбір әккілер камера тұрған орындарды бес саусағындай жаттап алған. Ол жерлерден жүзін көрсетпей өте шығады. Дегенмен мешіт қызметкерлері ұрлықшы ісін адамнан жасырғанмен, Алладан жасыра алмайтынын айтады.


«Ұрлықшыға айтарымыз, бұл шариғатта дұрыс емес. Ұрлықтың дінімізде ең үлкен күнә екенін ескертеміз. Себебі пайғамбарымыздың хадисінде айтады: Мұсылманның ары, оның намысы, оның мал-дүниесі келесі бір мұсылманға ара делінген. Құранның аяттарында да, ұрлықтың ең үлкен күнәнің қатарында екенін ескертеді» – дейді «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов.


Мешіт қызметкерлері ұрылардың имандылықтың ұясы саналатын жерде де әрекет етуі азаматтардың құлшылық орнына аяғын аңдап басатын халге жеткізді дейді. Дегенмен мамандар қиямет күні барлық қылмыстың, жасырылған жымысқы әрекеттердің беті ашылып, күнәлілер жазаланатынын айтады. Ол күні ешкім ештеңе де жасыра алмайды.


kaz.365info.kz




Көрілген: 905    Пікірлер: 0

сенбі, 16.12.2017, 18:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31