Мәселе

Министрлік Қарағандыдағы төбелестің себебін айтты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев Қарағандыдағы төбелестің себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Қарағандыдағы «Ежелгі Рим» мейрамханасындағы оқиғаға тоқталсақ, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнде, яғни сағат 4 кезінде қонақтар музыканы өшірмеу туралы талап қойған. Сол себептен араларында (мейрамхана иелерімен) ерегіс басталып кеткен. Осыдан кейін олар (қонақтар) далаға шығып, өз достарына хабарласып, сол жерге басқа да азаматтарды шақырған. Қаза тапқан адам аталған мейрамханада отырмаған, яғни сырттан келген. Арадағы жанжалдың салдарынан төбелес болып, жараланған төрт адамның бірі көз жұмды», - деді А. Садубаев Орталық коммуникациялар қызметінде.


Осы орайда А. Садубаев бұл мәселеде ешқандай ұлтаралық қақтығыс жоқ екенін атап өтті.


«Осыған дейін ақпарат берген болатынбыз. Қазіргі кезде 8 адам қамауда отыр. Бұл мәселеде кінәлілер жазаға тартылатын болады, өйткені қылмыс жасағанның бәрі бірдей. Оқиғаның мән-жайы тергеу амалдары кезінде анықталады», - деді А. Садубаев.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағандыдағы кісі өліміне қатысты 8 күдікті тұтқындалды.


 




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.01.2019, 17:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31