Мәселе

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру талаптары өзгерді ме?

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру талаптары өзгерді ме?

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру талаптары өзгерді ме?

Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін 2 жылға шегеру туралы заңға қол қойды. Ортақ жауапкершілікке негізделген жаңа жүйе 2020 жылдан бастап толық іске қосылмақ. Жалпы тәртіп өзгерді ме? Жарна төлеу міндетінен кімдер босатылады?


Жұртшылық тарапынан айтылған сыни пікірлер мен елбасының тапсырмасынан кейін Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді екі жылға шегеру туралы ұсыныс жасаған болатын. Бірер апта бұрын депутаттар тарапынан толық мақұлданған заң жобасына мемлекет басшысы қол қойды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева мәлімдеді.

Айтуынша, жарна төлеу тәртібінде айтарлықтай өзгерістер бар. Бұрынғы заңға сәйкес, биылғы шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар сақтандыру жарнасын аудара бастаған болатын. Заңға енгізілген соңғы өзгерістер бойынша, жұмыс берушілер өз қарамағындағы жұмыскерлер үшін жарна төлеуді тоқтатпайды және олар аударатын аударым мөлшері де өзгермейді.

Бұл санат 2018-2019 жылдары жұмыскер табысының 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2 пайызы көлемінде жарна аударады.Осы жерде жарнаның жұмыскер жалақысынан емес, жұмыс берушінің өз есебінен төленетінін де айта кеткен жөн. Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері де жарнаны осы тәртіп бойынша аударады. Ал, жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары өзі үшін жарна төлемейді (жеңілдетілген тәртіп бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер биылғы жарты жылдықтың жарнасын алдағы ақпан айының 25-іне дейін төлеп болуы тиіс). Бірақ олар жұмыс беруші ретінде аударым төлеуді тоқтатпайды.

Басқарушы директордың сөзіне сүйенсек, жаңа өзгерістер бойынша жеке тұлғалар да екі жылға дейін жарна төлеу міндетінен босатылып отыр. Бұл санаттағылар, яғни, жалданып жұмыс істейтін жеке тұлғалар өзі үшін жарнаны 2020 жылдан бастап төлей бастамақ (2020 жылы – 1%, 2021 жылы – 2%). Оны жұмыс беруші ай сайын ұстап, қорға аударып отырады. Есңізде болса, сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін дау тудырған үлкен мәселенің бірі азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар болатын. Қолданыстағы заңда АҚК негізінде еңбек ететіндер табысының бес пайызын қорға аударуға міндеттелген еді. Ал бұл аталған санаттағылар тарапынан сынға ілікті. Сол себепті заң жобасын әзірлеу барысында министрлік бұл мәселеге де баса мән берді. Нәтижесінде, АҚК негізінде еңбек ететін тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендеді. Бұл санаттағы азаматтар 2020 жылы табысының 1%, ал, 2021 жылдан бастап 2% аударады. Ал, 2018-2019 жылдары бұл топ жарна төлеуден босатылады.


Әлеуметтік жағынан аз қамтылған 10 миллионға жуық адамды сақтандыратын мемлекет жарнаны қай кезден бастап төлейтін болды?

Қор өкілі мемлекеттің әлеуметтік жағынан қорғалмаған әлжуаз топтар өкілдерін қолдауды тоқтатпайтынын тілге тиек етті. Атап айтқанда, елімізде тұратын он миллионға жуық адам мемлекеттің қамқорлығына алынбақ. Бұл Қазақстан халқының жартысынан астамы. Яғни, 2020 жылдан бастап мемлекет әлеуметтік әлсіз топтарға жататын зейнеткерлер, көп балалы аналар, жүкті әйелдер мен бала күтімімен декреттік демалыста отырғандар, студенттер мен он сегіз жасқа дейінгі балалар, мүгедектер, жұмыссыз ретінде ресми тіркелген азаматтар т.б. үшін жарна аударады. Жеңілдігі бар санатқа жататын әр адам үшін аударылатын жарна мөлшері статистика органы тарапынан өткен екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4% құрамақ.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 260    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 28.12.2017, 09:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31