Мәселе

МС Сайлаубекті сынақ кітабына енгізген автор жұрттан кешірім сұрады

  • МС Сайлаубекті сынақ кітабына енгізген автор жұрттан кешірім сұрады

    МС Сайлаубекті сынақ кітабына енгізген автор жұрттан кешірім сұрады

Дегенмен, қазір Сауд Арабиясында білімін жетілдіріп жатқан Серікболсын Дүйсенбайдың айтуынша, үлкен еңбектің ішіндегі титтей қателік үшін өзектен тепкен елге қайтқысы да келмейді екен. Бұл туралы КТК хабарлады.

Даулы видео ғаламторда тараған болатын. Онда оқулықтың 75-бетінде жүрген тапсырма көптің көңіліне жақпай қалыпты. Тапсырмада «МС Сайлаубектің жұлдыз болуына не әсер етті?» деген сұрақ жүр. Оқушы сондағы 4 жауаптың ішінен дұрысын таңдау керек. Артынша анықталғаны, бұл Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу үшін тапсыратын тест сұрақтарына дайындалатын кітап екен.


Оқулық авторы болса сол мектептің түлегі болып шықты. Өзі қазір Сауд Арабиясында «Қолданбалы математика және компьютерлік ғылымдар» математика ғылымы бойынша магистратурада оқып жатыр. Ұмытыла бастаған Сайлаубектің атын шығарған жас автор енді бұндай қателігін қайталамайтынын айтып біраз ақталған.


«Талай 100 мың данамен шығып жүрген, ішінде қаншама қателіктер өріп жүрген оқулықтарды да көзіміз көріп жүр. Ал біздің ресми емес, тек емтиханға дайындыққа арналған Қазақ тілінен бар-жоғы 100 дана тесттер жинағының ішіндегі 5-6 жолымыз қаншама балағат, ғайбат сөздерге алып келді. Бірақ, бұл жолдар келесі басылымда ауыстырылып, түзетіліп үлгерген еді. Және бұл тест жинағы ешқандай ресми бекітілмеген, мектеп бағдарламасына енбеген» – дейді оқулық авторы Серікболсын Дүйсенбай. 




Көрілген: 1166    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.02.2018, 00:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31