Мәселе

МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 325,2 млрд теңге қаржы бөлді

  • МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 325,2 млрд теңге қаржы бөлді

    МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 325,2 млрд теңге қаржы бөлді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 325,2 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекованың айтуынша, 6 маусымға дейін Қормен келісімшарт бекіткен медицина мекемелеріне 325,2 млрд теңге берілген. «Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсету жөнінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 47 пайызына тең», - деді ол.

Хабарламаға сүйенсек, МСҚ ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы. Биыл Қор мен емдеу мекемелері арасында ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін медициналық көмек көрсету бойынша жалпы сомасы 698,9 млрд теңге болатын келісімшарттар бекітілген.

«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 1359 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 599-ы – жеке меншік клиникалар. 2017 жылмен салыстырғанда жеткізуші компаниялар саны едәуір көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артып, 93 млрд теңгені құрады.


 


 




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 17:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31