Мәселе

МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 396,9 млрд теңге қаржы бөлді

  • МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 396,9 млрд теңге қаржы бөлді

    МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 396,9 млрд теңге қаржы бөлді

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 396,9 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, шілденің 9-ына дейін Қормен келісімшарт бекіткен медицина мекемелеріне 396,9 млрд теңге берілген. "Бұл - кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде көмек көрсету жөнінде бекітілген келісімшарттрдың жалпы сомасының 56 пайызы", - деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 704,5 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1359 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 599-ы – жеке меншік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салытырғанда 138-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 93,5 млрд теңгені құрады.


 




Көрілген: 262    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.07.2018, 22:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30