Мәселе

МСҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 444,6 млрд теңге төледі

  • МСҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 444,6 млрд теңге төледі

    МСҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 444,6 млрд теңге төледі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 444,6 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Ботагөз Жақселекова хабарлады.

Айтуынша, 3 тамызға дейін МСҚ мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсеткен емдеу ұйымдарына 444,6 млрд теңге аударды. «Бұл - кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 63 пайызы», - деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 708,6 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1352 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 603-і – жеке меншік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 138-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 102,4 млрд теңгені құрады.




 




Көрілген: 115    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.08.2018, 16:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31