Мәселе

Мұғалімді шашынан сүйреген әйелдің ісі видеоға түскен (фото)

  • Гүлзира Байділдаева. ©NUR.KZ.

    Гүлзира Байділдаева. ©NUR.KZ.

Алматы облысы Боралдай елді мекеніне қарасты №15 мектептің соққыға жығылған мұғалімі NUR.KZ порталына алғаш рет оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаратын, әдіскер әрі биология пәнінің оқытушысы Гүлзира Байділдаева басынан алған соққының салдарынан әлі күнге ауруханада жатыр.


«Биология пәнінің мұғалімі ауырып қалып, орнына сабақ өткізуге кірген едім 6-сыныпқа. Артқы партада отырған ұл бала сабақ басталғаннан тәртіпке бағынбады, сусыны мен кәмпитін шығарып, балаларды қызықтырды. Сосын алдыңғы партаға отырғызып, ескерту жасадым. Сыныпта 20 бала бар. Барлығы куә. Мен оған саусағымның ұшын да тигізбедім, ұстаз ретінде тек ескерту жасадым» ,- дейді Гүлзира Өтегенқызы.


Мұғалімнің ескертуіне өкпелі бала сабақты тастап, үйінен әке-шешесін және әпкесін ертіп келген. Алайда, директор және әдіскермен сөйлесіп, отбасы үйлеріне қайтып кетеді. Кейін араға екі күн салып, яғни 16 желтоқсан күні сағат 13:00 - де өкпелі оқушының анасы мектепке қайта келіп, әдіскердің бөлмесіне басып кірген.


«№18 кабинетте ашық сабақ өткізіп болып, жинастырып жатыр едім: «мен саған көрсетемін, ұлымды ұрғаның үшін» деп бетімнен салып қалды. Өзі ірі денелі әйел еді. Екінші рет ұрған кезде еденге құладым. Ол шашымнан тартып қайта тұрғызып алып, басымнан ұра бастады. Қатты соққы салдарынан есім ауып қалды. Бір байқағаным мұғалімдер «102-ге звондаңдар» деп араша түсіп жатыр. Ең сорақысы осы оқиғаны ашық тұрған есіктен оқушылар да көріпті» ,- деп күрсінді ұстаз.


Долы келіншек ажыратуға келген тағы бір мұғалімнің қолын қайырып, білегінің сіңірін созып жіберген. Ашу үстінде алдына келгенді теуіп, балағаттағанын мектептің бейнекамерасына түсіп қалыпты. Алайда, ұлы үшін өрескел әрекетке барған ата-ана әдіскер Гүлзира Байділдаевадан әлі күнге кешірім сұрамаған екен. Ал миы шайқалған мұғалім сауығып шыққан соң абыройын айрандай төгіп, шашынан сүйреген ата-ананы сотқа бермек ниетте.


«Іле ауданының ішкі істер бөлімшесі әкімшілік кодекстің 73 бабы 1-тармағы (ұсақ бұзақылық) бойынша іс қозғапты. Осы бап бойынша Гүлзираны сабаған әйел 15 АЕК айыппұл төлеп, құтылып кетеді екен. Ол қызымен бірге әйелімді шашынан сүйреп тұрып ұрды, миын шайқады. Денсаулығына зиян келтірді. Сондықтан да біз қазір қорғаушы жалдап, қылмыстық іс қозғатуға талпынып жатырмыз», - деді мұғалімнің күйеуі Мұрат Әбдікешов.


Естеріңізге сала кетсек, мектеп ішінде мұғалімді шашынан сүйреп тұрып, сабаған ата-ананың әрекеті туралы бұған дейін де жазған болатынбыз.

 




Көрілген: 3829    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.01.2018, 10:04

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31