Мәселе

Мүгедек жандарға арналады… «Самғау» сыйлығы

Егер де сіз актерлерді, режиссерлерді немесе музыканттарды марапаттағанын көрсеңіз, халық алғысына бөленудің қаншалықты маңызды екенін білесіз. Үрей мен үміт, қорқыныш пен қуаныш, қызығушылық пен ризашылық сезімдерін сездіріп тұрған көздері бәрін айтып тұрады... «Осындай сезімдерді мүмкіндігі шектеулі жандар да сезінсе» деген оймен «Бауыржан» қоғамдық қайырымдылық қорының директоры Жұлдыз Омарбекова баға жетпес сыйды жүзеге асыруды қолға алды. Бұған дейін аталмыш қор қайырымдылыққа бағытталған жыл сайынғы ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығын ұйымдастырушы болып елге танылған болатын. Ал екінші сыйлықтың мақсаты – қанаттарын кеңге жайған мүгедек жандардың еңбегі мен талантын бағалау. Сондықтан да атына заты сай болсын деп «Самғау» деп аталды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Мейірім» жеке қорымен бірлесе отырып, «Бауыржан» қайырымдылық қоры сыйлықтың жүлде қорын 3 миллион теңгеге бағалады. Бас демеуші – «ҚазРосГаз» ЖШС.

«Самғау» сыйлығының соңғы мақсаты ол – мүгедектерді шығармашылық және қоғамдық қалпына келтіру және ын­та­ландыру. Өнер саласында мүмкіндігі шек­теулі жандар барлық адамдармен тең дәрежеде бақталасып, таланттарын ұштай алады.

«Самғау» сыйлығы не үшін беріледі? Спорт, білім, мәдениет және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін беріледі. Мүм­кіндігі шектеулі жандардың қоғаммен тығыз байланыс орнатуы олардың еркін­дігі мен белсенділігін арттырып, әлеу­меттік кедергілерді жояды.

Есту, көру және басқа да қасиеттері шектеулі жандардың бір шығармашылық сайыста басқосуы «Самғау» сыйлығының негізгі жетістігі және ерекшелігі болып табылады.

Біз осындай шаралардың арқасында біртіндеп мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда өз орындарын тауып, жеке тұлға болып қалыптаса алатындығына көздері жетеді деген сенімдеміз. Арбаға немесе есту құралдарына тәуелді талантты жан­дардың ел мақтанышы болып, әрқайсы­сымызға үлгі болары сөзсіз.

Қатысу ережелері

«Бауыржан» қайырымдылық қорының ұжымымен дайындалған ережеге сәйкес, сыйлыққа I, II, III топтардағы мүгедектер ұйымдары және жеке тұлғалар қатысады. Сыйлық қоғамдық өмірге белсенді ара­ласып, алға қойған мақсатқа жету жолында аянбай қызмет етіп, жоғары белестерден көрініп жүрген жандарды іздейді.

Сыйлық иегерлерін іздеуге мемлекеттік және қоғамдық, халықаралық, ұлттық, жергілікті ұйымдар, заңды тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдары және мемлекеттік институттар атсалысады.

Сыйлыққа қатысу үшін ережеге сәйкес, қазақ немесе орыс тілінде өтініш беру керек.

Таңдау үрдісі қалай өтеді?

Сыйлықты ұйымдастыру мен өткізу үшін арнайы екі орган құрылады: ұйым­дастырушы алқа және қоғамдық кеңес. Ұйымдастырушы алқаның міндеті  сыйлық­қа қатысушыларды іздеу және өтініштерін қарау болып табылады. Ал кеңестің міндеті – номинанттар арасынан әр номинация бойынша лауреаттарды таңдау. Ұйым­дастырушы алқа «Бауыржан» қайырым­дылық қорының қызмет­кер­лерінен тұрса, қоғамдық кеңес 11 адамнан тұрады: қоғам, мемлекет және саясат қайраткерлері, ғылым және мәдениет, ұлттық және халықаралық қоғамдық, коммерциялық ұйым өкілдері. Сондай-ақ сыйлыққа демеуші ұйымдардың өкілдері болады.

Бар-жоғы – екі кезең

Таңдау үрдісі екі деңгейден тұрады. Бірінші кезең – өтініш пен растайтын құжаттарды тапсыру. Екінші кезең – салтанатты марапаттауға он күн қалғанда басталады. Қоғамдық кеңес үміткерлердің арасынан жасырын дауыс беру арқылы сыйлық лауреаттарын таңдайды. Ал шешім жиналған дауыстарды қарапайым санау арқылы белгілі болады. Сайыста жеңіліс тапқандар сыйлықтың арнайы алғыс хаттарымен марапатталып, 2011 жылғы «Самғау» сыйлығының қатысушысы бола алады.

Таңдаудың алты талабы

«Самғау» жыл сайынғы қоғамдық сыйлыққа қатысушы жеке тұлғалар және ұжым төмендегі алты талапқа сай болу керек:

1) мүгедектік тобы мен сипаты;

2) номинацияға сәйкестігі;

3) қатысушының марапаттары және басқа да мамандандырылған шеберлігін дәлелдейтін құжаттар;

4) мүгедектің қоғамдық қызметпен айналысу арқылы (мәдениет, спорт, білім, өнер) сырқатын алдын алып, қиын­шы­лықтарды жеңіп шығу деңгейі;

5) тапсырылған құжаттардың толық­тығы;

6) мақтау қағаздары, диплом (халық­аралық және отандық).

Есте сақтау немесе жазып алу қажет:

Қатысушылар бес номинация бойынша өтініш білдіре алады:

1. «Мәдениет саласындағы жетістігі үшін (бейнелеу өнері, өнердің ән айту түрі, хореография);

2. «Білім саласындағы жетістіктері үшін»;

3. «Спорт саласындағы жетістіктері үшін»;

4. Қоғамдық қызметтегі белсенділігі үшін»;

5. «Әдебиет саласындағы жетістіктері үшін».

Сонымен қатар арнайы номинация – «Балалар шығармашылығы» тағайын­далады. Қатысушылары алты жастан 16 жасқа дейінгі балалар болып табылады.

Өтініш білдіруге асығыңыз!

Өтініштерді қабылдау 2010 жылдың 1 қазанынан басталды. Өтініштерді қа­былдаудың аяқталуы – 2010 жылдың 25 қарашасы, сағат 15:00. Жеңімпаздарды анықтау 2010 жылдың 3 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді.

Өтінішті рәсімдеу тәртібі

Жыл сайынғы «Самғау» қоғамдық сый­лығының мәлімдеме үлгісін www.baurzhan.kz сайтынан, сонымен қатар baurzhanfund@gmail.com немесе ofbf@mail.ru электронды пошталарынан алуға болады.

Байқауға тапсырыс бір дана етіп поштамен 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 53В, Ж блогы, 48 кеңсе мекенжайына «Самғау» деген тақырыппен жіберілуі керек. Сонымен қатар жоғарыда аталған электронды пошталарға жібе­ріледі.

Конкурс жайлы ақпаратты мына байланыс телефондарынан алуға болады: 8(727) 262-16-11, 315-40-84.

«Самғау» сыйлығына қатысуға қажетті құжаттар:

1) анкета;

2) фотосурет: номинанттың суреті (портрет­тік, түсті, көлемі 10х15см), ұжым­ның көлемі (размер 15х21см);

3) өзі, шығармашылығы, тағдыры ту­ралы шағын әңгіме түріндегі өмірбаяны;

отандық және халықаралық ассоциа­цияларда мүшелігін көрсету, түрлі көрме, байқау, фестивальдарға қатысуы, сонымен бірге мүгедектігінің тобын және түрін анықтайтын құжат пен шығармашылық үрдісін көрсететін ақпарат. Егер тапсырыс беруші ұжым болған жағдайда, ұжымның шығармашылық жолы туралы әңгіме болуы керек;

4) мүгедектерді сауықтырумен және өнермен байланысты мемлекеттік немесе қоғамдық мекемелерден, мүгедектердің халықаралық, ұлттық, жергілікті ұйым­дарымен, мүгедектерге арналған ұлттық және халықаралық байқауларды ұйым­дастырушылардан және бай­қаулардан байланыстырған ұйымдардан кепілдемелік хат. Кепілдемелік хат ұйымның арнайы бланкілік формасындағы қағазында жазылып, анық мөрі мен ұйым басшысының қолымен расталуы тиіс;

5) авторлық мәліметтерді номинация бойынша дайындау қажет.




Көрілген: 1782    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2010, 12:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30