Мәселе

Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны жайлы мәлімет таралды

  • Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны жайлы мәлімет таралды

    Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны жайлы мәлімет таралды

Қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің ұсталғаны жайлы мәлімет таралып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Бұл мәліметті ҚР Ішкі істер министрлігі Жедел басқарма орталығының өкілдері растады, алайда олар бизнесменнің қалай ұсталғанын нақтыламады. Орталықтағы кезекші қызметкер Мұратхан Тоқмәдиді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстағанын хабарлады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Тоқмәди Тараздағы №1 ықшамауданда ұсталды. Кеше, 8 наурызда әлеуметтік желілерде Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені жайлы мәлімет таралған еді. "08.03.2018 жылы кешкі 19.30 бен 20.00 арасында Тараздағы облыстық ауруханадан Мұратхан Тоқмәди белгісіз бағытта қашып кеткен, ол адам өлтірді деген айыппен қамауда болған. Ол тізеге дейін түсетін қара күрте мен джинс киген, аяғында не туфли, не кроссовка болған", - делінген еді хабарламада. Сондай-ақ, Мұратхан Тоқмәди қашып кеткен облыстық аурухананың қоршауға алынғаны хабарланған болатын.

 




Көрілген: 559    Пікірлер: 0

жұма, 09.03.2018, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30