Мәселе

Намазхандар ағамды тепкілеп, құлағын кесіп алды: Құлсары тұрғыны

  • Көрнекі сурет

    Көрнекі сурет

Атырау облысы Жылой ауданы Құлсары қаласының 51 жастағы тұрғыны Жұматай Мұсабаевты өз ауылдастары соққыға жығып, құлағын пышақпен тілген. Жәбірленушінің қарындасы Мейрамгүл Мұсабаева Sn.kz порталының редакциясына хабарласып, болған жайттың мән-жайын айтып берді.


Оқиға 20 ақпан күні сағат түскі 2-лер шамасында болған. Жұматай жылқы бағу үшін көршісі Айбек Құрманғазиевпен ауылдан 30 шақырым қашықтыққа жол жүріп кетіпті. Алайда, 3 сағатта үйде болуы керек болған Мейрамгүлдің ағасы оралмайды.


«Сағат кешкі 8 жарымда шарбақтың ар жағынан айқай естілді. Қақпаны ашсам жерде ағам қан жоса боп жатыр. Құлағы кесілген, аяқтары тілім-тілім. Басы жарылған, мұрны сынған. Ағамды қолтықтап, көтеріп, үйге кіргіздік. Ағам: "Мені уахабистер пышақтады" деді. Мұны жасап отқан ауылдың Тұрар деген тұрғыны. Ол бастаған топ ағамды өлтіреміз деп қорқытқан», - дейді Мейрамгүл Масабаева.


Оның айтуынша, Тұрар есімді Құлсары тұрғыны жас балаларды жинап, уағыз айтып, оларды өзгелерге айтақтатып отырады екен. Ағасын сабағанда да жанында сол жандайшаптары болыпты.


«Ағамның аяқ-қолын байлап сүйреген. "Жылқыларыңның бәрін маған бересің, болмаса мен сені районнан жоқ қыламын, көшіріп жіберемін" деп қорқытып жүрген. Бір сөзбен айтқанда даланың бандиті ғой. Осыдан 4-5 ай бұрын да мылтықпен ағамның көлігін қуып жүріп атқан. Қайта оқ ағама тимей, аман қалған», – дейді жәбірленушінің қарындасы.


Бір қызығы Мейрамгүлдің ағасымен кеткен көрші жігіт те қорқып, не болағынын айтпай отыр екен. Ал, өздері болса ішкі істеп органдарына шағым жазған.


«Ағам да, біз де арыз жаздық полицияға. Бірақ ана Тұрарды 1 сағат та ұстаған жоқ. Тайрандап жүр. Онымен қоймай, ауруханаға ағама келіп, сес көрсетіп, қорқытып жатыр», – деген құлсарылық келіншек әділдіктен үміттенетінін жеткізді. 


sn.kz




Көрілген: 1719    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.03.2018, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30