Нарынқолдың қойларын беймәлім жыртқыш қырып жатыр

Нарынқолдың қойларын беймәлім жыртқыш қырып жатыр

Нарынқолдың құтырған иттері 15 қойды тамақтап өлтіріп, 8 қойды жаралап тастады, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы. Бұл деректі Нарынқол ауылының әкімі Оспан Әлімжанұлы Иманбеков жоққа шығарған жоқ.
ФБ әлеуметтік желісінің белсендісі Ерқанат Тәукебай өзінің жеке парақшасында «Нарынқол ауылында дәл қазiр маза болмай тұр. Кешкi жетіден кейiн балаларға көшеге шығуға тиым салынған xабарландырулар әр жерде iлiнуде. Себебi соңғы күндерi жыртқыш пайда болған. Ол жабайы ит пе, қорқау қасқыр ма (шакал) ешкiм бiлмейдi. Ауыл шетi емес, орталығында бiр үйдiң қорасының қоршауын қазып кiрiп, он шақты қойына шабуыл жасап тамақтап кеткен. Мәдениет үйінен концерттен қайтқан оқушыларға да шабуыл жасаған» деп жазған болатын.
Біз дереу Нарынқол ауылдық округінің әкімі Оспан Әлімжанұлына хабарластық.
Оспан Иманбеков, Нарынқол ауылдық округінің әкімі:
– Бұл оқиға 23 қазан күні болды. Құтырған иттер ауылдағы бір үйдің қоршауынан кіріп, 8 бас қойды өлтіріп, 5 бас қойды жаралап кеткен. Сонымен қатар, тағы да бір үйдің 7 бас қойын өлтіріп, 3 қойын жаралап тастаған. Балалардың қауіпсіздігі үшін ауылда кешкі жетіден кейін жүрмеу жөнінде хабарландыру жазғанымыз рас. Бұл ешқандай да қорқау қасқыр емес, ауылдың құтырған иттері деп ойлаймын. Нарынқолдың шетінде қоқыс полигоны бар. Ауыл адамдары сол полигонға жаңа туған ұрғашы күшіктерді апарып тастайды. Сол қараусыз иттер ашыққан соң, қойларға шабуыл жасаған. Біз олардың екеуін тауып атып тастадық.
Әлеуметтік желінің белсендісі Ерқанат Тәукебай қойды құтырған иттердің қыруы мүмкін емес екенін айта келіп: «Ветеринарлар да мұның жауабын таба алар емес. Өз басым Қазақстанның көп жерлерiнде кездесетiн қорқаулардың Нарынқолда болуына таң қалып отырмын.Қытай жақтан келген бәр пәле болуы мүмкiн! Әне бiр жылы құмыты, шіркейлер қаптап кетiп едi. Әйтеуір жақсылық емес, ел үрейленіп отыр», – деп ойын қорытыпты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста