Алаш баласы, айнаңа қара!

жексенбі, 30.04.2017



Мәселе

Несие алып, тойында ажырасқан жас жұбайлардың неге жанжалдасқаны белгілі болды (видео)

  • Несие алып, тойында ажырасқан жас жұбайлардың неге жанжалдасқаны белгілі болды  (видео)

    Несие алып, тойында ажырасқан жас жұбайлардың неге жанжалдасқаны белгілі болды (видео)

 Қазнетте күйеу жігіт пен қалыңдықтың жанжалдасқаны түсірілген видеолар тарап жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Роликтер әртүрлі қалада түсірілген, онда айтылған сөздер бірдей. Видеоларда жас жұбайлар жұрттың көзінше жанжалдасады. Барлық видеода жастар кредит жайлы айтады. Сөйтсек, бұл акцияны «Үйлену тойы индустриясы орталығының» өкілдері ұйымдастырған болып шықты.


Жоба жетекшісі Жан Мұқановтың айтуынша, олар жобаны ашқаннан кейін осылайша жарнамалағысы келген.


«Біз өз филиалдарымызды ашқан алты қалада бүгін осындай акция ұйымдастырдық. Барлық актер өз ісінің мамандары. Осылайша біз өзімізге назар аударғымыз келді. Осындай дүрлігу болады деп ойламадық. Филиалдарымызды Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Алматы және Шымкентте аштық», - деді Жан.


«Мұндай орталықтардың елімізде аналогы жоқ. Біз үйлену тойын ұйымдастырумен айналысамыз. Тойлар өте жоғары деңгейде өткенін қалаймыз. Осы үйлену орталықтары тегін жұмыс істейді. Яғни бұл үйлену ХҚКО-лары секілді, осы орталықтардан шараны өткізу жайында кеңес алуға болады. Клиент біздің шара өткізіп беруімізді қаласа ғана ақша төлейді», - дейді ол.


Айта кетейік, Жан Мұқановтың Zhan Alemi Group ивент-компаниясы 12 жылдан аса уақыт бойы той индустриясы саласында жұмыс істеп келеді.






 


Baq.kz


 




Көрілген: 2205    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 19.03.2017, 23:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30