Мәселе

Нұржан Жолдыбалинов: Қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінемін

  • Нұржан Жолдыбалинов: Қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінемін

    Нұржан Жолдыбалинов: Қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінемін

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары, IT маман Нұржан Жолдыбалинов жобада жеңіске жеткен соң ең алдымен бойында қорқыныш сезімі пайда болғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Шынын айту керек, былтыр Қазақстанның 100 жаңа есімі ретінде анықталған азаматтар, біздер, әлі өзімізді қоғам алдында толықтай танытып үлгерген жоқпыз. Нақты жобалар әзірлеп, оларды іске асырып үлгерген жоқпыз. Адам өзін барлық кезде бір жылда көрсетіп үлгере алмайды. Себебі, оның жобасы бір күндік те, бірнеше жылдық та болуы мүмкін», - деген ол өзі қолға алған жоба 2020 жылға дейін жоспарланғанын айтты.


Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі болып саналатын Жолдыбалинов тек кітапхана емес, басқа ІТ салаларда да еңбектенуге ниетті екенін айтты.


«Қазақстанның жаңа 100 есімі» мен үшін не берді дегенге келсек, ол маған үлкен ынталандыру берді, алға ұмтылуға, дамуға жігерлендірді. Мен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіндім. Осы орайда, менің тек кітапханада ғана емес, өзімді басқа салалардағы ІТ жүйелерді дамыту үшін үлес қосуға құлшынысым пайда болды. Осы жауапкершілікті сезінген соң, артылған сенімді ақтауға тырысасың. Жалпы, мен өзімнің 100 жаңа есім қатарына енгенімді естіген кезде, менің бойында ең алдымен қорқыныш сезімі пайда болды. Себебі, халықта «неге 100 жаңа есімге ол енді, неге мен емес, бұл не атқарды, қандай еңбегі сіңді» деген сұрақтар пайда болады. Мен сол есімге лайықты болғым келді», - дейді Жолдыбалинов.


 




Көрілген: 243    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.08.2018, 18:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31