Мәселе

ОҚО-да жігітінен жүкті болып қалған 14 жастағы қыздың тойы өтеді

  •  Көрнекі фото: Styler - РБК-Украина

    Көрнекі фото: Styler - РБК-Украина

ОҚО да жасөспірімдерге жар-жар айтылатын болды. ОҚО мамандандырылған кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралған сот ісі үйлену тойымен аяқталды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.


16 жастағы бозбала 14 жастағы жасөспірім қызбен жыныстық байланыста болғаны үшін қозғалған қылмыстық іс қаралды. Басында байқамай, кейіннен сотқа дейін жеткен бұл іске үлкендер араласып, үйлену тойын өткізбек болып шешіпті.


2001 жылы туған бозбала мен 2003 жылы туған жасөспірім қыз арасындағы төсек қатынасы 2016 жылдан бері жалғасып келген көрінеді.


Тек қыздың аяғы ауырлағанда барып бұл сұмдықтың беті ашылған. Ата-анасы полицияға арызданып, тергеу жүргізіліп, іс материалдары сотқа жолданады.


Сот тергеуі барысында жəбірленуші сотталушымен өз еркімен байланыста болғанын, ешқандай шағым-арызы жоқтығын мəлімдеген. Оның үстіне сот кезінде екі тарап та бейбіт мəмілеге келіп, үйлену тойына дайындықтың басталып кеткенін мəлімдеген.


Сот іс материалдарының барлық жағдайын ескеріп, жасөспірімге қатысты қылмыстық істі тоқтатты.


"Қылмыстық кодекстің 68 бабына сəйкес, екі тараптың бейбіт келісімге келуіне байланысты, істі қарауды тоқтаттық. Бітімге келу медиатордың араласуымен болғанын айта кеткен жөн", - дейді ОҚО кəмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі соттың төрағасы Қанатбек Қоңыратбаев. 




Көрілген: 2168    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.06.2018, 18:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30