Мәселе

ОҚО-да қыз зорлады деген жігіттің үйін 30 азамат қиратып кеткен

  • Көрнекі фото:       © rostovgazeta.ru

    Көрнекі фото: © rostovgazeta.ru

Нұр Отан партиясының Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында өткен қоғамдық қабылдауда Сарыағаш ауданынан Гүлімхан Сапарова көмек сұрап келген. Ошақты ауылының тұрғыны отбасындағы қиын жағдайды баяндап берді деп жазады NUR.KZ порталы.


"2016 жылы көршілер менің баламды жасөспірім қызды зорлады деп айыптады. Сол түні үйімізге 30-35 жастағы ар адамдар келіп, отбасымызбен толық сабап, үйіміз бен көлігімізді өртеп кетті. Ал бізді ауылдан қуып шықты.


Жарты жыл өткен соң баламның қылмысқа қатысы жоқ екені анықталды. "Жәбірленген" қыз сотта сөз алып, менің ұлымнан ешқандай зорлық-зомбылық көрмегенін жеткізді.


Бұл толықтай өсек-аяң болып шықты. Содан кейін біз үйіміздің күл-талқанын шығарған адамдарды сотқа бердік. Алайда қылмысқа қатысы бар 30 шақты адамның тек төртеуі ғана сотта жауапкершілікке тартылды. Олардың өзіне шартты жаза уақытын тағайындады.


Біз әлі күнге дейін туыстарымыздың үйін жағалап жүрміз. Инстанцияға бірнеше рет шағымдансақ та, еш нәтиже жоқ", - дейді әйел.


Гүлімхан Сапарова енді бұл істі Нұр Отандықтар қолға алып, бір шешімін табар деп үміттенеді.


ОҚО ІІД 2016 жылы Ошақтыда орын алған іс қатаң бақылауға алынып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын айтып отыр. 




Көрілген: 836    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 20:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31